Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қостанай облысында жаппай қырылған киіктердің саны 1000 бастан асып отыр

Қостанай облысында жаппай қырылған киіктердің саны 1000 бастан асып отыр

images ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің инспекторлары Қостанай облысында 11 мамыр күні Амангелді ауданы Жолабай аумағында белгісіз себептен мерт болған шамамен 117 киіктің ұшасы табылған аумағын тексеруді жалғастыруда. Бүгінгі күні мерт болған киіктердің саны 1000 бастан асып отыр.
Бұл туралы Бас прокуратура, Энергетика, білім және ғылым, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, ішкі істер министрліктері хабардар етілді. Киіктердің жаппай қырылу фактісі бойынша облыс әкімдігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігінде аумақтық және республикалық өкілдерінен жасақталған штаптар құрылды.
Бүгінде мамандар су, топырақ және биологиялық материалдардың сынамаларын алуда. Киіктердің қырылу фактісінің себептерін анықтау үшін мерт болған жануарлардан патматериалдар алынып, республикалық ветеринариялық зертханаға жолданған. Алдын ала нәтижелер бір аптадан кейін жарияланады.
Киіктердің жаппай қырылу фактісі аймақта соңғы рет Жангелді ауданында 2012 жылдың маусым айында тіркелген. Ол кезде 926 киік пастереллез ауруынан мерт болған. Алдын ала сараптама үш жыл бұрын орын алған жағдайымен ұқсастығын анықтап отыр. Яғни, қыстың ұзақтығы ағзасы әлсіреген жануарлардың инфекциялық ауруларға бейімделгіш болып, төлдеу кезінде мерт болған.
2012 жылдан бастап ҚР БҒМ биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ҒЗИ ғалымдары арнайы ғылыми-техникалық бағдарламалардың шеңберінде киіктердің инфекциялық ауруларын зерттеп, оларды алдын алу әдістемелерін әзірлеумен айналысуда. Қазіргі таңда ҒЗИ қызметкерлерінен жасақталған комиссия Қостанай облысында.
2014 жылы Қазақстанда киіктердің саны 256,7 мыңға жеткен. Киіктерді қорғау және өсіру бойынша қолданып жатқан шаралардың арқасында соңғы 10 жылдың ішінде олардың саны республика бойынша 12 есеге артқан.
Киіктерді қорғау бойынша шаралар жалғасуда. Өткен жылы ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің инспекторларымен киік мүйіздерін саудалау және шамамен 70 браконьерлік фактілері анықталды.
2015 жылдың сәуір-мамыр аралығында «Охотзоопром» ӨБ» инспекторлары киіктердің Бетпақдала, Орал және Үстірт популяциясына кезекті әуе санағын өткізуде.

Анықтама:
Пастереллез – жануар ағзасының табиғи резистенттілігінің төмендеуінен пайда болатын жұқпалы ауру. 1988 жылы Торғау облысында пастереллезден 434 мың киік мерт болды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172)55-57-65
E:minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus