Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар KazMeat Astana-2016 халықаралық форумы басталды

KazMeat Astana-2016 халықаралық форумы басталды

Елордада ет және ет өңдеу өнеркәсібіне арналған KazMeat Астана-2016 халықаралық форумы өтіп жатыр. Шараға 14 елден 300-ден астам делегат қатысуда.

Олардың қатарында ет өңдеу өнеркәсібінің мамандарымен қатар шетелдік инвесторлар, ұлттық компания қызметкерлері мен сарапшылар бар.

Шара барысында ет өнімдерін өңдеу өндірісін, агроөнеркәсіп кешенін дамыту жайы сөз болды.

Сонымен қатар форум барысында елімізде жеке инвестициялар мен мемлекеттік қолдау есебінен 180 мың бас малға арналған бордақылау алаңдарының жүйесі құралғандығы айтылды.

Тек өткен жылы еліміз 16 мың тоннадан аса ет және ет өнімдерін экспорттаған. Оның 6,5 мың тоннасы – салқындатылған сиыр еті.

Бүгінгі форум аясындағы келісімдер бұл көрсеткіштердің еселеп артуына сеп болмақ.

Еліміздегі ірі қара мал басы 2001 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге, ал ұсақ мал басы 1,7 есеге артқан.

Халықаралық сарапшылар «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында Қазақстанның ет саласындағы экспорттық әлеуетін жоғарылату бойынша жүзеге асырылып жатқан шараларды жоғары бағалады.

Источник: http://khabar.kz/kz/news/economy/item/49906-kazmeat-astana-2016-halykaralyk-forumy-bastaldy

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus