Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Киіктердің Орал популяциясын қорғау үшін Оралдық бөлімше құрылды

Киіктердің Орал популяциясын қорғау үшін Оралдық бөлімше құрылды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі браконьерліктен киіктерді қорғау жұмысын ұдайы жүргізіп отыр.

Бүгінде киіктерді қорғаудың тиімділігін арттыру үшін олардың қоныс аудару мен төлдеу, қыстау кезеңіндегі концентрациясының негізгі орындарында Ырғыз-Торғай және «Алтын дала» мемлекеттік табиғи резерваттары, «Охотзоопром» ӨБ» мекемелерінің қызметтері күшейтіле түскен.

Айталық, жуырда Орал популяциясын қорғау мақсатында «Охотзопром» ӨБ» базасында Орал қаласында орналасқан жергілікті Оралдық бөлімше құрылды. Бетпақдала популациясын қорғауды Ақбөбе және Астана қалаларында орналасқан жергілікті Батыс және Орталық бөлімшелері қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, браконьерлікпен қарсы күресті күшейту үшін  «Охотзоопром» ӨБ» базасында заманауи көлікпен қамтамасыз етілген, тәжірибелі инспекторлардан құрылған 4 арнайы мобильдік топ жұмыс істейді.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus