Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар АӨК дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясындағы ғылым мен өндіріс

АӨК дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясындағы ғылым мен өндіріс

Ғылым мен өндірістің өзара іс-қимылы ауыл шаруашылығының даму негізіне айналуға тиіс. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясы барысында «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы Асқар НАМЕТОВ хабарлады.

Асқар Наметов АӨК мемлекеттік реттеуді жетілдіру аясында ғылым және өндіріс арасындағы байланысты қамтамасыз ету бойынша іс-шаралардың жоспарланып жатқанын атап өтті.

«АӨК-ті дамыту үшін жаңа бағдарламадағы тапсырмаларды сәтті орындау үшін ғылым және білім салаларын дамытудың ықпалын өзгерту қажет. Өндіріске ғылым мен білімді біріктіруге баса назар аударылуда», – деді ол.

Жүйелі түрде туындаған мәселелерді талдау Қазақстанның аграрлық ғылымының стратегиялық мақсаты – агробизнестің қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған ғылыми ізденіске негізделген және бәсекеге қабілетті өнімді алу (зерттеу, енгізу, жеткізу, консалтинг) екендігін көрсетіп отыр.

Аталмыш мәселелерді шешу мақсатында 2015 жылдың тамызында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы бойынша «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ құрылды. Орталықты құрудың негізгі мақсаты – жоғары білікті мамандарды дайындау және қайта дайындау, ғылыми зерттеулер нәтижелерін өндіріске енгізу, ҚР АӨК тиімді шетелдік технологияларды трансферттеу негізінде Қазақстан экономикасының аграрлық секторының инновациялық дамуына қолдау көрсету.

Қазіргі таңда «ҰАҒБО» КЕАҚ білімді, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметтерін таратудың тиімді жолдарын қарастыруда.

Сонымен қатар, «ҰАҒБО» КЕАҚ құрамында аграрлық технологияларды трансферттеу және коммерциализациялау орталығы (АТТК) жұмыс істейді. Орталықтың негізгі қызметі отандық ғылыми-зерттеу мекемелерінің ғылыми-техникалық нәтижелерін енгізуге бағытталған. Қазіргі таңда Қазақстанда шетелдік инновацияларды енгізу үшін АТТК қызметін кеңейту мәселесі қарастырылуда.
Осы мәселелерді шешу арқылы ғылыми ұйымдардың қызметін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қажеттіліктеріне сәйкес өндіріске жаңа технологияларды енгізуге бағытталған зерттеулерді дамытуға жол ашады.

Айта кету керек, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ғылым және өндіріс арасындағы байланысты қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізүде. Бұл фермерлер үшін минималды шығындармен инновациялық технологияларды енгізумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің санын 10%-дан – 25%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Анықтама:
Бүгінгі таңда Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының құрамында 3 аграрлық ЖОО, 31 филиалы, 23 ғылыми зерттеу институты, 7 тәжірибелік шаруашылық, 7 селекциялық станция, 4 сервистік компания бар.

2016 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша ғылыми зерттеулермен айналысатын қызметкерлер саны 5 513 адамды құрады, олардың ішінде, 1 443 ғылыми қызметкер: 142 ғылым докторы, 389 ғылым кандидаты, 4 PhD докторы мен 246 магистр бар.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus