Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Автокөлікте 26 дана ақбөкен мүйізі табылды

Автокөлікте 26 дана ақбөкен мүйізі табылды


2016 жылдың 28 тамызында Батыс Қазақстан облысында «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК инспекторларымен «Субару» жеңіл автокөлігі ұсталды. Тексеру кезінде машина салонынан жаңадан кесілген 26 ақбөкен мүйізі табылды.

Аталмыш факт бойынша мәліметтер құқық қорғау органдарына тапсырылды.

Ақбөкен мүйіздеріне қызығушылық таңытушылар өте көп. Себебі, Қытайда мүйізге деген сұраныс жоғары болып келеді. Киіктің мүйізі дәстүрлі Қытай медицинасында сұранысқа ие.

Соған қарамастан, Қазақстанда киікті атуға тиым салынған және қорғау шаралары жандандырылып, браконерлік қылмыстармен күрес күшейтілген.

Айта кетейік, 2016-2017 жылдары аңшылық маусымы 3 қыркүйектен басталады.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus