Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Киік атқандар қолға түсті

Киік атқандар қолға түсті

Ағымдағы жылы 10 тамызда «Охотзоопром»ӨБ» РМҚК жедел тобы және табиғат қорғау инспекторларының бірлесіп рейд жүргізуі барысында Қарағанды облысы аумағында мүйізі кесілген 4 киік ұшасы табылды.

Оқиға орнын тексеру кезінде Сәтбаев қаласының тұрғыны тізгіндеген Mitsubishi Pajero көлігі ұсталды. Көлікте сонымен қатар тағы 2 азамат болды.

Тексеріс барысында, автокөліктен 16 калибрлі 2 қару, 1 пышақ, 1 қолара, 57 дана оқ, болжам бойынша 2 киік мүйізі алынды.

Атылмыш факті бойынша материалдар құқыққорғау органдарына жіберілді.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus