Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстанға бұрынырақ аусыл бойынша жабылған облыстардан Ресейге ет экспорты ашылды

Қазақстанға бұрынырақ аусыл бойынша жабылған облыстардан Ресейге ет экспорты ашылды

2014 жылдың 19 желтоқсанында ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Россельхознадзордан Қазақстан Республикасының аумағы аусыл бойынша таза қолайлы аймақ туралы қорытынды алды. Бұл қазақстандық және ресейлік қызметтердің тиімді әрі өзара әрекеттесу жұмыстарының және Халықаралық эпизоотикалық бюроның (ХЭБ) жәрдемдесуінің арқасында мүмкін болып отыр. ХЭБ-пен белгіленген өлшемдерге сай Қазақстандағы аусыл бойынша эпизоотикалық жағдай тұрақты.
Бірнеше жыл бұрын Қазақстанда КО шеңберінде мал шаруашылығы өнімдерінің қозғалысы кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Алматы, Жамбыл, Қызылорда Оңтүстік-Қазақстан және Шығыс-Қазақстан облыстарының аумақтарында буферлік аумақ құрылды. Осылайша, осы аймақтардан республиканың басқа облыстарына және Ресейге жануарлардың қозғалысы мен мал шаруашылығы өнімін тасымалдауға осы уақытқа дейін тыйым салынған болатын.
2014 жылдың тамызында қазақстандық тараптың мақсатты жүргізілген шаралардың және Россельхознадзормен өзара ынтымақтастықтың нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысындағы шектеу алынып, Ресей Федерациясына мал өнімдерін шығару жөнінде рұқсат берілді.
Қазіргі таңда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Россельхознадзормен Қытай және Қырғызстанмен шекаралас Жамбыл облысының 4 ауылдық округымен Алматы облысының 5 ауылдық округтерін қоспағанда бұрын шектеу қойылған аймақтардан Ресей Федерациясы территориясына ет экспортымен ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдауын келісті.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі аусыл бойынша таза аймақ мәртебесін ресми түрде алу үшін Халықаралық Эпизоотиялық Бюросына екі өтінім берді. Халықаралық сарапшылардың миссиясынан және осы мәселеге байланысты құжаттар жинағы қаралғаннан кейін 2015 жылдың мамырында өтетін ХЭБ-тың кезекті Ассамблеясында Қазақстан Республикасының аусыл бойынша таза аймақ мәртебесін алу мүмкіндігі күтілуде. Бұл ЕО және ДСҰ елдеріне мал өнімдерін экспорттауға және қазақстандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне халықаралық нарыққа шығуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы 2014 жылғы 19 желтоқсандағы жағдай бойынша 11908,33 тонна ет және ет өнімдерін экспорттады.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E:minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus