Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Шаруалар астық жинау шараларына қазірден қамдануы керек

Шаруалар астық жинау шараларына қазірден қамдануы керек

2015-06-01 12
Биыл шаруалар астықты ысырапсыз жинап алу шараларына қазірден қамданбаса, төккен терлері текке кетуі мүмкін. Өйткені еліміздің солтүстік, орталық және батыс аймақтарындағы құбылған күн райы мен толассыз жауын дәнді және майлы дақылдардың пісіп-жетілуін тежей бастады. «Салдарынан егіннің қолайлы уақытта жиналмай қалуы ықтимал», – дейді мамандар. Сондықтан ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер астық кептіретін жабдықтармен қамтылуы керек. Министрлік тарапынан аталған техникаларды тиімді бағаға сатып алу мүмкіндігі де қарастырылды. Бұл ретте «ҚазАгро» Холдингінің арнайы бағдарламасы бойынша ауылшаруашылық жабдықтарын иеленуге пайыздық үстемесі аз несие ұсынады.
Сапархан Омаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары
-Айта кететін болсақ, мысалғы құрал сатып алу үшін кепіл берілетін болса, мына бағдарламада кепілдің керегі жоқ. Ол кепілдік мына алда келе жатқан түсетін астықты кепіл қылуға болады немесе қолда бар астық қолхатын кепілге қоюға болады. Енді бұл былайша қарағанда кепілсіз техника алуға болады деген сөз.

Источник: http://khabar.kz/kz/news/saysat/item/24981-sharualar-astyk-zhinau-sharalaryna-kazirden-kamdanuy-kerek

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus