Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Қазақстанның ауылшаруашылық өнімдері Қытайға жетті

Қазақстанның ауылшаруашылық өнімдері Қытайға жетті

eab8d5395aa8ec46f4e3d6fc0f63436b_L
Қазақстанның ауылшаруашылық өнімін тиеген жүк пойызы Қытайдың Сиань қаласына жетті.

Қазақтың құнарлы да нәрлі өнімін Қытай құшақ жая қарсы алды. Сиань құрғақ портына келген күнбағыс және рапс майы – Ақмола мен Шығыс Қазақстан облысында терең өңделген дайын өнім. Контейнерге сұйық май инновациялық технология бойынша құйылған. Бұл тәсіл тауарды Қытайдың өзге де өңірлеріне тасымалдауға тиімді әрі логистикалық шығындарды азайтады.

Гүлмира Исаева, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:

– Бұрын мұндай өнім Қытай жеріне келгенде қайта құйылып, екі жақтың кәсіпкерлеріне де қосымша шығын әкелетін. Сондай-ақ алғаш рет бұл тауар Шэньси провинциясының аумағында кедендік рәсімнен өткізілді. Бұл да артық шығындарды азайтады. Мұның барлығы өнімнің өзіндік құнын арзандатып, екі ел кәсіпкерлеріне тиімді болып отыр.

Хан Сун, Сиань халықаралық логистикалық сауда портының басшысы:

– Қазақстандық тауарды тиеген пойыздың портымызға келіп тоқтауы – тарихи оқиға. Бұл Қытайдың тауарлары тек Орта Азия мен Ресейге тасымалданады деген пікірге берген ресми жауабымыз деуге болды. Алдағы уақытта қазақстандық өнімдердің көлемі мен түрлерін арттыруға тырысамыз. Қазақстанның экологиялық таза өнімдері енді біздің жерде сатыла бастайды. Бірде бір теңізбен шектеспейтін шаһарды портты қалаға айналдыру арманымыз бүгін жүзеге асты.

Бүгінде Қазақстан мен Қытай бірлескен агрожобаларды қолға алып, инвестициялар тарту арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді жоспарлап отыр. Көрші елдің кәсіпкерлері үшін шикізатты тасығанан гөрі, дайын өнімді тасымалдау табысты. Сондықтан «Айцзюй» корпорациясы Солтүстік Қазақстанда майлы дақылдарды өңдейтін зауыт салмақшы. Жалпы инвестия көлемі – 60 млн доллар. Биыл оның 15 млн долларын игеріп, жылдық қуаты 160 мың тонна май өңдейтін зауыт тұрғызады. Жоспарда сүт, ет сияқты саланы да қамтымақшы.

Ұлы жібек жолы дегенді кейбір сарапшылар Қытайдың тауарлары бүкіл әлемді басады деп түсінетін еді. Бірақ керісінше қазір Қазақстанның таза органикалық өнімдері Қытай нарығына кіре бастады. Келешекте Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдері терең өңделіп, алып нарыққа «Қазақстанда жасалған» маркасымен сатыла бастайды.

Шэньси провинциясында 35 млн, ал оның орталығы Сиань шаһарында 10 млн халық тұрады. Мұнда табиғи өнімге деген сұрыныс бар. Демек шикізатпен шектелмей, қазақтың агроөнімдерін Қытай жұртына саудалау үлкен пайда әкеледі. Бұдан бөлек Ұлы Жібек жолының бел ортасындағы қазақ елі транзиттік әлеуетінен толағай табыс түсіреді. Өткен жылы Қазақстан арқылы Қытайдың Еуропаға тасымалдаған контейнерлік жүгі 2 есе өсіп, 50 млн тоннаға жеткен.

Авторлары: Нұрбек Бекен, Жаң Сүй

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/ekonomika/item/112843-aza-stanny-auylsharuashyly-nimderi-ytaj-a-zhetti

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus