Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар ҚР АШМ органикалық өнім сәйкестігінің ұлттық белгісін әзірлеуге сайыс жариялайды

ҚР АШМ органикалық өнім сәйкестігінің ұлттық белгісін әзірлеуге сайыс жариялайды

ҚР АШМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Органикалық өнім сәйкестігінің ұлттық белгісінің басты мақсаты халықты органикалық өнімнің органикалық өнімді өндіру саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларымен орнатылған талаптарға сәйкестікті растау үрдісін өткендігі туралы хабарландыру болып табылады. Органикалық өнім сәйкестігінің ұлттық белгісіне басты талаптар:

1) экологиялық таза ауыл шаруашылығымен орайластырылуы тиіс;

2) органикалық өнімнің экспортқа бағытталатынын ескеріп, белгі Қазақстан Республикасымен орайластырылуы және шет тілінде логотиптер болуы тиіс;

3) тіркелген сауда белгілері мен логотиптерін қайталамау керек;

4) оңай танылатын болу керек;

5) оң эмоция туғызуы керек.

Жеңімпазды анықтау үшін құрамына ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, сондай-ақ органикалық өнім өндірушілері кіретін байқау комиссиясы құрылады.

Өтінімдерді ағымдағы жылғы 29 ақпанға дейін Кенесары, 36 адресі бойынша қабылданады. Толық ақпаратты +7 (7172) 55-58-60 телефон бойынша алуға болады.

Ақшалай қаражат түрінде сый беру көзделмегенін атап өту жөн. Жеңімпаз туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады, сондай-ақ ҚР Ауыл шаруашылығы Министрінің алғыс хатымен белгіленеді.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2016 жылғы 29 ақпанда аяқталады.


Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus