Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне ЕАЭО елдеріне 380 млн доллардың ауылшаруашылық өнімі сатылды

ЕАЭО елдеріне 380 млн доллардың ауылшаруашылық өнімі сатылды

export
Еуразиялық экономикалық одаққа еліміз құны 380 млн доллар болатын ауылшаруашылық өнімін экспорттады.

Ведомства басшысы Асылжан Мамытбековтың айтуынша, соңғы 10 жылда саладағы өндіріс көлемі 41 пайызға артқан. Тауар экспорты 59 пайызға көбейді. Тек өткен жылы ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 3,4 есеге ұлғайды. Министрдің есебі бойынша аграрлық сала қазір күрделі өзгерістерді өткеруде.

Биыл аграрлық өндірістік кешенді субсидиялау жүйесін реформалау шарасы жалғасады. Мал шаруашылығын қолдауға қаражат бөлу бағдарламасы қайта қаралады.

Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылық министрі:
– Біз қазір субсидиялау жүйесін реформалау бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Тиімсіз қолдау көлемін азайтып, нәтижелі субсидия санын арттырмақпыз. Олардың қатарына инвестициялық субсидиялар, пайыздық мөлшерлеме субсидиясы секілді бірқатар бағытты жатқызуға болады.


Источник: http://www.24.kz/kz/zha-aly-tar/ekonomika/item/117785-eeo-elderine-380-mln-dollardy

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus