Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстан Қырғызстаннан картопты әкелуге уақытша тыйым салды

Қазақстан Қырғызстаннан картопты әкелуге уақытша тыйым салды

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
04.05.16 ж.                                                                                                                     Астана қ.

Соңғы уақытта Қырғыз Республикасынан Globodera rostochiensis (Wollenweber) Behrens – Алтын түстес нематодасымен залалданған картопты әкелу фактілері жиілеп кетті.

Ағымдағы жылғы қаңтар айынан бері залалданған картопты әкелудің 79 фактісі анықталып тоқтатылды және Қырғыз Республикасына 1000-нан астам тонна залалданған өнім кері қайтарылған.

Ескере кететін жайт, картоп глободерозына әкеліп соқтыратын нематода жоғары зияндылығымен ерекшеленеді. Топырақтың залалдану дәрежесі мен сорттың төзімділігіне байланысты, картоп өнімінің ысырапқа ұшырауы 25 – 90% аралығында ауытқып отырады. Бұдан басқа, өнімнің сапасы нашарлайды, картоп залалданғанда түйнектері ұсақ болып қалыптасады, немесе мүлдем қалыптаспайды.

Сонымен қатар нематода цисталарының тіршілікке қабілеті аса жоғары: алқа тұқымдастарының жоқ болуы жағдайында топырақта тіршілік қабілетін 10 жылға дейін  және одан астам сақтай алады. Нематода құрғақшылыққа, су басу мен аяздарға төзімді және адамның аяқ киімі мен жануарлардың табандарына жабысқан топырақ түйіршіктерінің өзімен, тасқын сулармен және желмен жеңіл таралады.

Залалданған карантинге жатқызылған өнімді әкелуді болдырмау мақсатында, «Сәйкессіздік жөніндегі нотификация және шұғыл шаралар бойынша нұсқама»  ISPM №13 Фитосанитариялық шаралар бойынша халықаралық стандарттың ережелеріне сәйкес, Қырғыз Республикасының Үкіметі жанындағы Ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекциясына әрбір анықталған оқиғалар бойынша Қазақстанның фитосанитариялық талаптарын бұзу туралы нотификациялар жіберілді.

Залалданған карантинге жатқызылған өнімді әкелу республика аумағында карантиндік обьектілердің ошақтарының жаппай таралу қаупін тудыруын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан Кыргызстан Республикасының Үкіметіне қажетті іс шараларды жедел түрде қолдану туралы өтінім жіберілді.

Алайда, қазіргі таңда Қырғызстан Республикасы тарапынан қолданылған шаралар туралы ақпарат келіп түспеді.
Осыған қоса, Қырғызстаннан залалданған картоп өнімінің әкелу көлемі жалғасып отыр.

Сонымен қатар, Кыргызстан Республикасынан әкелінген картоп өнімі, оңтүстік облыстарда отырғызу маусымы басталуына орай тұқымдық материал түрінде қолданылуы мүмкін.

Осыған орай, қазақстан тарапы Еуразиялық экономикалық одақ Шарты Ережесін және өсімдік қорғау және карантин Халықаралық конвенциясын басшылыққа ала отырып, 2016 жылдың 4 мамырынан бастап, Қырғызстан Республикасынан картоп өнімін әкелуге уақытша тыйым салды.

 

 

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com
minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus