Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Елімізде шетелден тасымалданатын азық-түлік 6,2 пайызға кеміген

Елімізде шетелден тасымалданатын азық-түлік 6,2 пайызға кеміген


Елімізге келетін импорттық тауар көлемі азайып, экспорттың үлесі көбеюде. Шетелден тасымалданатын азық-түлік 6,2 пайызға кеміген. «Бұл – тәуелсіздік алғаннан бергі ең төменгі көрсеткіш», – дейді Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков. Оның айтуынша, отандық тауарды сыртқа сату қарқын алды. Мәселен былтыр 12 мың тоннаға жуық ет және ет өнiмдерi экспортталды. Биылғы жылдың алғашқы 2 айында 620 мың тонна құс етi шетелге шығарылған. Ал былтыр осы мерзімде бұл көрсеткiш небәрі 141 000 тоннаны құрапты. «Сондай-ақ сүт және сүт өнімдеріне де сұраныс артып келеді», – дейді министр.
Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі
-Импорт 2,9 млрд АҚШ долларын, экспорт 1,1 млрд АҚШ долларын құрады. Азық-түлік импортының төмендеуі алғаш рет былтыр байқалды. Жалпы азық-түлік импорты 6,2 пайызға төмендеді. Ал ЕАЭО елдерінен келетін импорт 10 пайызға дейін төмендеді.

Источник: http://khabar.kz/kz/news/economy/item/22827-elimizde-shetelden-tasymaldanatyn-azyk-tulik-62-pajyzga-kemigen

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus