Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстан жылқының африкалық обасынан таза статусын иеленді

Қазақстан жылқының африкалық обасынан таза статусын иеленді

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

27.05.2016 ж.                                                                                   Астана қ.

IMG-20160526-WA0000

Париж қ. 22 мамыр мен 27 мамыр аралығында 180 қатысушы мемлекеттердің қатысуымен Халықаралық эпизоотиялық бюроның (ХЭБ) 84-сессиясында Қазақстан вакцинациясыз аусылдан таза аймақ ресми мәртебесін алды.  Бұл мәртебе елімізде халықаралық ат спортын дамытуға мүмкіндік бермек.
Бұған қоса, Халықаралық эпизоотиялық бюросы Қазақстанның аусылмен күресу бойынша ұлттық бағдарламасын бекітті.

Бас Ассамблеяның ұлттық делегаттарымен  ұсақ күйіс қайырушы жануарлар арасында оба және құтыру ауруларын алдын алу, бақылау аясында әдістер талқыланды.

ХЭБ – жануарлардың денсаулығына жауапты үкіметаралық ұйым. ХЭБ консультациялық ұйым ретінде Дүниежүзілік сауда ұйымымен мақұлданған. Штаб-квартирасы Париж қ.(Франция) орналасқан. ХЭБ-тың негізгі мақсаты бүкіләлемдік жануарлардың денсаулығын  қамтамасыз ету және қорғау. Бүгінгі таңда ХЭБ құрамына 180 мемлекет кіреді. Қазақстан ХЭБ-ға 1993 жылы қосылды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172)55-57-65
E: minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus