Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Қазақстан аусылдан ада мемлекет мәртебесін алды

Қазақстан аусылдан ада мемлекет мәртебесін алды


Қазақстан ТМД аумағында бірінші болып аусылдан ада мемлекет мәртебесін алды. Бұл туралы Парижде өткен халықаралық эпизоотиялық бюроның 83-сессиясында белгілі болды. Әзірге еліміздің 9 облысы ғана дерттен дін аман деп танылған. Енді Ауыл шаруашылығы министрлігі өзге аймақтардағы жұмыстарды күзге дейін аяқтаймыз деп отыр. Еліміз бұл мәртебеге лайық болу үшін екпе мен диагностикаға ерекше ден қойып, аудандарда арнайы ветеринарлық зертханалар құрды. Онда бюджет есебінен аусылдың алдын алу шаралары жүргізіледі. Ал аурудан ада елге үлкен нарыққа жол ашылады, – дейді мамандар. Оның үстіне бүгінде Еуропа мен Араб елдерімен ауылшаруашылығы саласында байланыс нығайған. Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі: – Аймақтарды шектеу жұмыстары жүргізілді. Яғни белгілі бір өңірде ауру ошағы анықталса, Қазақстан шекарасы түгел жабылмайды. Тек қауіпті аймақ қана, яғни 30 немесе 50 шақырым радиустағы аумақ жабылады.
Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/sayasat/item/66213-memleket-m-rtebesin-aldy

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus