Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстан органикалық өсімдік шаруашылығын дамыту әлеуетіне ие

Қазақстан органикалық өсімдік шаруашылығын дамыту әлеуетіне ие

«Қазақстан-2050» Стратегиясында Ел Басшысы экологиялық таза өнімді шығаратын бәсекеге қабілетті ұлттық брендтерді қалыптастыру міндеті қойылды. Сонымен Қазақстан экологиялық таза өндіріс саласындағы жаһандық ойыншылардың бірі болуы керек. Осы мақсаттарды шешу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының «Органикалық ауыл шаруашылығын дамытуды қолдау және Қазақстанның институционалдық мүмкіндігін арттыру» техникалық көмек жобасының сарапшыларын тартуда.
Семинарға қатысушылар атап өткендей органикалық ауыл шаруашылығы біздің ел үшін перспективалық бағыт болып келеді. Қазақстан егін егетін ауқымды аудандары мен жайылым алқаптарына ие, сондықтан аграрлық сала келешек ұрпақ үшін тамақ өнімдерінің сапасын көтеру және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барлық жағдай бар.
Сонымен қатар, Қазақстанда органикалық ауыл шаруашылығын дамыту және мұндай өнімдердің халықаралық нарықта мойындату үшін өндіріс процесіне нақты талап қойатын және аталған бағыттың дамуын қолдайтын заңнаманың болуы маңызды болып келеді. Қазақстандағы органикалық өндірісті сертификаттау мен бақылаудың реттелген жүйесі халықаралық деңгейге сәйкес болуы қажет және де Қазақстан өнімінің халықаралық органикалық өнімдер нарығында тұрақты түрде бекітілуіне мүмкіндік беру үшін шетелдік тұтынушылар тарапынан қажетті сенімділік дәрежесін қамтамасыз етуі керек.
Сондай-ақ, сарапшылардың ойынша органикалық өнімге қатысты нарыққа қатысушылардың барлығын оны өндірудің ерекшелігі мен ұлттық азық-түлік өнім алдындағы артықшылығы жөнінде ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу маңыздылығын атап өтті.
Шараға ФАО сарапшылары, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, «КазАгроИнновация» АҚ, ҰКП, қазақстандық органикалық ауыл шаруашылығы федерациясы (KAZFOAM) мен салалық қоғамдық ұйымдардың өкілдері және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер қатысты.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 7172 555 765
minagripress@gmail.com
www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus