Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстан аусыл бойынша таза статусын алу үшін Халықаралық эпизоотиялық бюроға өтінім берді

Қазақстан аусыл бойынша таза статусын алу үшін Халықаралық эпизоотиялық бюроға өтінім берді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі аусыл бойынша таза ресми статусын алу үшін Халықаралық эпизоотиялық бюроға екі өтінім берді. Қазақстандық құжаттарды қарастырғаннан кейін ХЭБ 2015 жылдың мамыр айында өтетін кезекті Ассамблеясында Қазақстан Республикасы аусыл бойынша таза мәртебесін алуы күтілуде.
Бұл мал шаруашылығы өнімін ДСҰ және ЕО елдеріне экспорттауға және қазақстандық ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне халықаралық нарыққа шығуға мүмкіндік береді. Бұл жөнінде Халықаралық эпизоотиялық бюроның (ХЭБ) аумақтық семинарында Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төраға м.а. Е. Мадиев мәлімдеді. Аталмыш шарада қатысушылар Орталық Азия елдеріне аусылмен күресуді бақылауға арналған ұлттық бағдарламаларды әзірлеп, оны әрі қарай бекіту үшін ХЭБ-қа ұсынуда жәрдемдесу мәселелерін талқылады.
2013 жылы Қазақстан Республикасы ветеринарлық қызметінің даму Стратегиясы әзірленді, бұл құжат ХЭБ мақұлданып келісілді. Сондай-ақ, ХЭЮ ұсыныстары мен Стратегияға сай қолданыстағы ветпрепараттардың сапасына қойылатын талаптар күшейтілді.
ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетімен Россельхознадзордан Қазақстан Республикасының аумағы аусыл бойынша таза деген қорытынды алынды. Халықаралық эпизоотиялық бюросымен белгіленген талаптарға сай қазіргі таңда Қазақстан аумағы аусыл бойынша таза болып келеді.
ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Россельхознадзордан Қазақстан Республикасының аумағы аусыл бойынша таза қолайлы аймақ туралы қорытынды алды. Бұл қазақстандық және ресейлік қызметтердің тиімді әрі өзара әрекеттесу жұмыстарының және Халықаралық эпизоотикалық бюроның (ХЭБ) жәрдемдесуінің арқасында мүмкін болып отыр. ХЭБ-пен белгіленген өлшемдерге сай Қазақстандағы аусыл бойынша эпизоотикалық жағдай тұрақты.
Өткен жылы Қазақстан 11908,33 тонна ет және ет өнімін Ресей Федерациясына экспорттады.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 55-57-65
E:minagripress@gmail.com
W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus