Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Қазақстан жылқы ауруларынан таза елдің мәртебесін алуы ықтимал

Қазақстан жылқы ауруларынан таза елдің мәртебесін алуы ықтимал

20160517183857
Қазақстан жылқы ауруларынан таза елдің мәртебесін алуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мәлім етті.

Оның айтуынша, бұндай мәртебе елімізде спорттық жылқы шаруашылығын кеңінен дамытуға мүмкіндік береді. Осы ретте вице-министр асыл тұқымды тұлпарлардың иелері көбінесе жылқы аурулары кең таралған елдердегі бәйгелерге қатысу тәуекеліне бармайтынын атап өтті.

«Егер де Қазақстан жылқы ауруларынан еркін ел мәртебесіне алса, біз халықаралық ат жарыстарын өткізу үшін пайдаланылатын аймақтарды белгілейміз. Бұл тұрғыда дәстүрлі түрде Алматы және Ақмола облыстары қамтылмақ. Осы орайда біз елімізде халықаралық жарыстарды қабылдай аламыз»,-деп атап өтті Г. Исаева.

Источник: http://www.inform.kz/kaz/article/2904452

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus