Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстан ислам мемлекеттерінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұйымының құрылуына бастамашылық етті

Қазақстан ислам мемлекеттерінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұйымының құрылуына бастамашылық етті

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
5.04.16 ж.                                                                                                      Астана қ.

Қазақстан ислам мемлекеттерінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұйымының құрылуына бастамашылық етті

2016 жылдың 28 сәуірінде Астана қ. Азық-түлік қауіпсіздігі және ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі Ислам ынтымақтастығы ұйымы (ИЫҰ) министрлері конференциясының 7-сессиясы болып өтеді. Конференция шеңберінде Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы (АҚИҰ) Бас Ассамблеясының құрылтайшы сессиясы өткізіледі. Құрылғалы отырған ұйым Астана қ. орналаспақ.
Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымын құру бастамасын 2011 жылы Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің   

38-сессиясында Мемлекет басшысы көтерген болатын.  Екі жылдан кейін ИЫҰ мүше мемлекетінің 30 сарапшысы Астана қ. өткен үкіметаралық эксперттік отырыста жарғылық құжаттың жобасын келісті. Бүгінде құрылғалы отырған ұйымның жарғысын ИЫҰ мүше 24 мемлекеті бекітіп, қол қойды.
АҚИҰ жұмысы мүше мемлекеттерге ауыл шаруашылығын, ауылдық жерлерді, азық-түлік қауіпсіздігін және биотехнологияны тиімді дамыту аясында әртүрлі аспектіде техникалық ноу-хау және тәжірибе беріп, сондай-ақ тұрақты әлеуметтік байланысты қамтамасыз ету, топырақтың сорлануы, орман алқаптарының азаюы және шөл-шөлейт мәселелеріне қатысты сұрақтарды шешуге бағытталмақ. Бұдан басқа, ұйым азық-түлік қауіпсіздігінің резервін құру арқылы мүше мемлекеттерге қажетті жедел және ізгілікті көмекті анықтау әрі ұсыну мақсатында  азық-түлік қауіпсіздік саласында бағалау және мониторинг жүргізуді жоспарлап отыр.  Мұнымен бірге, сәйкесінше технологиялармен алмасу арқылы ортақ ауыл шаруашылығы принциптерін координациялап, жүзеге асыруды жоспарлауда.

Анықтама:
1995 жылы Қазақстан – Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының (ИЫҰ)  ірі үкіметаралық халықаралық ислам ұйымының толық құқықты мүшесі болды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында  ауылшаруашылық жайылым жерінің көлемі 200 млн. астам гектарды құрайды. 2015 жылы ауыл шаруашылығының ішкі жалпы көлемі 4,4%-ға ұлғайып, 2,7 трлн. теңгені құрады. Соңғы 5 жыл ішінде ауыл шаруашылық өнімінің экспорты 1,3% есеге көбейіп, 2015 жылдың қорытындысы бойынша 1,1 млрд. АҚШ долларын құрады.  
АҚИҰ-на мүше мемлекеттер: Ауғанстан, Бенин, Буркина-Фасо, Гамбия, Гвинея, Гвинея-Биссау, Джибути, Египет, Иран, Қазақстан, Ливия, Мавритания, Мали, Нигер, Біріккен Араб Әмірліктері, Палестина, Сауд Арабиясы, Судан, Сомали, Комор аралдары одағы, Сьерра-Леоне, Суринаме, Түркия, Уганда.

 

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com
www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus