Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстан және Италия ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан және Италия ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

28.01.16 ж.                                                                                                                                               Астана қ.

 

Қазақстан және Италия ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

 

Италия Республикасының Ауыл шаруашылығы, азық-түлік және орман саясаты министрі Маурицио Мартинның Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековпен кездесуі өтті.

Шара барысында Италия мен Қазақстан арасында ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты күшейту туралы мәлімдемеге қол қойылды.

Кездесуді италияндық және қазақстандық бизнес өкілдері жалғастырды. Шетелдік делегацияны «INALCA» Вице-президенті Луиджи Скордамалья, «Agrotecnica» компанияның директоры Микеле Д’Аразмо, «Rovani» компаниясының жетекшісі Оде Ровани, «EB Service» компаниясының директоры Марко Беретта және т.б. өкілдер құраған болса, қазақстандық өкілдерін «Евразия АгроХолдинг», «Шаңырак», «Ақтөбе Жылыжай» компанияларының басшылары, «Қазақстанның ет бірлестігі», «Құс өсірушілер бірлестігі», «Ет-сүт бірлестіктерінің» жетекшілері құрады.

Анықтама:

Италияндық компания «Rota Guido» сүт-тауарлы фермаларын жобалау және сүт өндіруші фермерлерге консалтингті сүйемелдеу қызметтерін көрсетеді.

«Inalca Eurasia» және «Ақтеп» компанияларының арасында инвестициялық келісімге қол қойылған. Келісім бойынша республиканың 3 облысында бір мезгілде бордақылайтын 44 мың бас қуаттылығымен бордақылау алаңдарының құрылысы үшін вертикалды-ингеграцияланған компаниялардың құрылысы басталмақ. Бұған қоса, Ақтөбе облысында ет комбинатынының қуаттылығын 20 мың тонна ет және ет өнімдерін ұлғайтумен модернизациялау жоспарлануда. Оған қоса «Inalca Eurasia» еліміздің ет саласына 100 млн. евродан аса қаражатты инвестициялау жөнінде шешім қабылдады. «Inalca Eurasia» компаниясы қазақстандық ет брендін жасап, Еуропа елдерімен Ресей Федерациясына ет экспортын қамтамасыз етуге ниеттенуде.

«Inalca Eurasia» Алматы облысында сойыс инфрақұрылымы бар жемдеу алаңын салуын көздеп отыр. Ол жоба қазіргі таңда қарастырылуда.

«Евразия АгроХолдинг» және Rovani атты компанияларының арасында қой етін қайта өңдеу аясында ынтымақтастық жүзеге асырылып отыр.

 

ҚР АШМ Баспасөз қызметі

+7 (7172) 555-765

minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus