Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстан және Иран АӨК саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамытуды жоспарлауда

Қазақстан және Иран АӨК саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамытуды жоспарлауда

Баспасөз хабарламасы

14.03.16 ж.                                                                                                                                    Астана қ.

Қазақстандық делегацияның Иранға ресми сапары барысында екі елдің Ауыл шаруашылығы министрлері А. Мамытбеков және М. Ходжати екіжақты ынтымақтастық мәселелерін және Астана қаласында өткізілетін Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы (АҚИҰ) Бас Ассамблеясының құрылтайшы сессиясы мен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ) АШМ VІІ конференциясының ұйымдастыру сұрақтарын қарастырып, қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін талқылады.

Ресми делегация құрамына ҚР АШМ, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ-ның өкілдері мен қазақстандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері енді («Empire Food» ЖШС, «Астана-бизнес» ЖШС, «Евразия АгроХолдинг» ЖШС, «Хлопковая компания» ЖШС, «Балтик Контрол Казахстан» ЖШС).

Іссапар барысында қазақстандық тарап Иран ауыл шаруашылығын зерттеу институтын және сүт және сүт өнімдерін шығаратын ірі «HEVCO» өндіріс кешенін аралады.

Сапар соңында Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбековтың ауыл шаруашылығы және азық-түлік өндірісі саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мақсатында ирандық бизнес өкілдерімен кездесуі өтті.

Анықтама:2015 жылы Қазақстан-Иранның сауда айналымы шамамен 141,1 млн. АҚШ долларын құрады (оның  122,6 млн. доллары – экспорт және 18,5 млн. доллары – импорт).

 

ҚР АШМ баспасөз қызметі

+7 (7172) 55-57-65

E: minagripress@gmail.com

W: www.minagri.gov.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus