Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Құс өсіруге құнттылық қажет

Құс өсіруге құнттылық қажет

Облыстағы Ақсу қаласы аумағы Қызылжар ауылындағы құс фермасы тоқырау қиынды­ғын бастан өткерді. Бұл күндері кешен жаңа иелердің қолына көшті. Банкротқа ұшыраған бұрынғы «Қызылжар Агро» ЖШС енді «Қызылжар-Құс» жауапкершілігі шектеулі серік­тес­тігі болып қайта құрылды. Енді бройлер әдісі арқылы балапандар өсіру қолға алынуда. Кәсіпорынның іші-сырты жаңарып, заманға сай технология бойынша құс өсіріп, ет пен жұмыртқаны көбейтпекші.
– Құрал-жабдықтардың бар­лығы шетелден әкелінеді. Әлемдік стандартқа көшетін кез келді. Жабдықтар кеше­ніне құсты баптау, жемдеу, ғимараттың ішін жарық­тандыру, желдету сынды қыз­меттер бар. Ал құсты соятын цехта жеке құрылғы қойылады, – дейді серіктестік басшысы Николай Руденко.
Жалпы саны 9 құс қора салынуда. Әрбіріне 40 мың балапан сияды. Ауылдықтарға жұмыс табылды деген сөз. Фермада еңбек еткен жұмысшылардың айтуынша, 2010 жылдары құс фабрикасында 320 мың тауық болыпты. Жыл сайын 14 миллион жұмыртқа алып отырған көрінеді. Көрші ауылдарды қосқанда 200 тұрғын фабрикада жұмыс жасапты. Екі жылдай жұмыссыз қалған ауылдықтар қайтадан өз орындарын тапты.
Қазір құс фабрикасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаны жүзеге асыруға жалпы құны 291 миллион теңге инвестиция тартылыпты.
Фабриканың қасынан балапандарды жем-азықпен қам­тамасыз ететін зауыт іске қо­сыл­мақшы. Балапандар санын көбейтетін жаңа инкубатор, қайта өңдеу кешені салынуда. Серіктестік жаз бойы осы жоспарлы жұмыстардың бәрін аяқтап, алдағы қыркүйек айында тауық етін тұтынушыларға жібермекші. Биыл 1 мың тонна ет өндіруді жоспарлап та қойыпты. Жалпы, «Қызылжар-Құс» серіктестігінің құс фабрикасын жаңғырту жұмыстары екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезегі аяқталған кезде жылына 4 мың тонна құс еті өндіріледі. Екінші кезегі іске қосылғанда жылына 8 мың тонна ет алынады. Бұл күндері жұмысшыларға арналып, арнайы жатақхана, асхана жұмыс жасап тұр.
Биыл құс санын 600 мың­ға жеткіземіз деп отырмыз, дейді серіктестік басшысы Н.Ру­денко. Жалпы, облыста бұл құс фабрикасынан басқа аудан орталығы Шарбақтыда да «Шарбақты-Құс» фабрикасы бар. Біраз уақыт тоқтап тұрғаннан соң, бұл құс фермасы да облыс әкімдігінің қол­дауымен қайтадан жұмысын жолға қойып алды. Кеңес өкі­ме­ті тұсынан жұмыс жасап келе жатқан құс фабрикасының тоқтап қалуынан аудан орта­лығы тұрғындарының басым бөлігі жұмыссыз қалды. Былтыр Кемерово жақтан 120 мың браун балапандар сатып әкелінді. Сөйтіп, жұмысшылар қайтадан өз орындарына жұмысқа келді. Кәсіпорынға 200 миллион теңге инвестиция құйылды. Шарбақтылық құс фабрикасы талдықорғандық құс фабрикасымен келісімшартқа отырды. Балапандардың саны 120 мыңға артты. Мұның бәрі қосымша жұмыс орындары. Ауданда «Сосновка» және «Победа» серіктестіктері егін егеді. Мәселенің мәнісі сонда, аудан­дағы шаруашылықпен айналысатын серіктестіктер арасын­да іскерлік байланыстар болса шарбақтының балапандарын, тауықтарын асырауға жем-азық жетіп тұр. Ал, «Сос­новка» серіктестігінің басшысы Сер­гей Фоменконың айтуынша, егін егетін жер жоқ. Ауданда игерусіз жатқан алқаптар бар. Бос жерлерді берсе – дән­ді дақылдар егіп, жұмыс көбейер еді. Сонымен қатар, аудандағы «Романенко» шаруа қожалығы күнбағыс өсіріп, май өндіруде. Шарбақты ауданында 200-ге жуық шаруа қожалығы бар. Аграрлық салада 20 серіктестік жұмыс жасайды. Егістік жерлердің жалпы көлемі 81 598 гектар. Ал, Қызылжарда 600 мың бас құс өсіреміз деп әри­не, айтуға оңай. Оған жем-азық қайдан келеді? Мәселенің мәнісі сонда. Ал, құс көбейсе, ет пен жұмыртқа да мол. Алдағы жылдары облыстағы «Авангард» деген ауылда, Екібастұз қаласының Атығай ауылында және Ақсу қаласының өзіндегі құс фабрикаларын қайтадан қатарға қосып, ел игілігіне жарату қолға алынуда. Бұл жобалар толықтай жүзеге асқанда облыс құс өнімдерін экспортқа да шығара алады. Қызылжардағы құс фабрикасын қайта қалпы­на келтіру үшін жобаны «Биз­нес­тің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасына енгіздік, Шарбақтыдағы жағ­дай да сондай көмектің арқа­сын­да ғана жолға түсті. Құс өсірушілер кәсіпорындар жа­ны­нан шетелдердегідей жем-азық кешендерінің де құры­лысын қатар салуды сұрап отыр. Өзге елдердегі құс өсірудегі басты талап осы. Ал, құс фабрикалары жұмыс жасап тұрса ауылдықтар жұмыссыз қалмайды деген сөз.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Павлодар облысы. http://www.egemen.kz/%D2%9B%D2%B1%D1%81-%D3%A9%D1%81%D1%96%D1%80%D1%83%D0%B3%D0%B5-%D2%9B%D2%B1%D0%BD%D1%82%D1%82%D1%8B%D0%BB%D1%8B%D2%9B-%D2%9B%D0%B0%D0%B6%D0%B5%D1%82/Облыстағы Ақсу қаласы аумағы Қызылжар ауылындағы құс фермасы тоқырау қиынды­ғын бастан өткерді. Бұл күндері кешен жаңа иелердің қолына көшті. Банкротқа ұшыраған бұрынғы «Қызылжар Агро» ЖШС енді «Қызылжар-Құс» жауапкершілігі шектеулі серік­тес­тігі болып қайта құрылды. Енді бройлер әдісі арқылы балапандар өсіру қолға алынуда. Кәсіпорынның іші-сырты жаңарып, заманға сай технология бойынша құс өсіріп, ет пен жұмыртқаны көбейтпекші.
– Құрал-жабдықтардың бар­лығы шетелден әкелінеді. Әлемдік стандартқа көшетін кез келді. Жабдықтар кеше­ніне құсты баптау, жемдеу, ғимараттың ішін жарық­тандыру, желдету сынды қыз­меттер бар. Ал құсты соятын цехта жеке құрылғы қойылады, – дейді серіктестік басшысы Николай Руденко.
Жалпы саны 9 құс қора салынуда. Әрбіріне 40 мың балапан сияды. Ауылдықтарға жұмыс табылды деген сөз. Фермада еңбек еткен жұмысшылардың айтуынша, 2010 жылдары құс фабрикасында 320 мың тауық болыпты. Жыл сайын 14 миллион жұмыртқа алып отырған көрінеді. Көрші ауылдарды қосқанда 200 тұрғын фабрикада жұмыс жасапты. Екі жылдай жұмыссыз қалған ауылдықтар қайтадан өз орындарын тапты.
Қазір құс фабрикасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаны жүзеге асыруға жалпы құны 291 миллион теңге инвестиция тартылыпты.
Фабриканың қасынан балапандарды жем-азықпен қам­тамасыз ететін зауыт іске қо­сыл­мақшы. Балапандар санын көбейтетін жаңа инкубатор, қайта өңдеу кешені салынуда. Серіктестік жаз бойы осы жоспарлы жұмыстардың бәрін аяқтап, алдағы қыркүйек айында тауық етін тұтынушыларға жібермекші. Биыл 1 мың тонна ет өндіруді жоспарлап та қойыпты. Жалпы, «Қызылжар-Құс» серіктестігінің құс фабрикасын жаңғырту жұмыстары екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезегі аяқталған кезде жылына 4 мың тонна құс еті өндіріледі. Екінші кезегі іске қосылғанда жылына 8 мың тонна ет алынады. Бұл күндері жұмысшыларға арналып, арнайы жатақхана, асхана жұмыс жасап тұр.
Биыл құс санын 600 мың­ға жеткіземіз деп отырмыз, дейді серіктестік басшысы Н.Ру­денко. Жалпы, облыста бұл құс фабрикасынан басқа аудан орталығы Шарбақтыда да «Шарбақты-Құс» фабрикасы бар. Біраз уақыт тоқтап тұрғаннан соң, бұл құс фермасы да облыс әкімдігінің қол­дауымен қайтадан жұмысын жолға қойып алды. Кеңес өкі­ме­ті тұсынан жұмыс жасап келе жатқан құс фабрикасының тоқтап қалуынан аудан орта­лығы тұрғындарының басым бөлігі жұмыссыз қалды. Былтыр Кемерово жақтан 120 мың браун балапандар сатып әкелінді. Сөйтіп, жұмысшылар қайтадан өз орындарына жұмысқа келді. Кәсіпорынға 200 миллион теңге инвестиция құйылды. Шарбақтылық құс фабрикасы талдықорғандық құс фабрикасымен келісімшартқа отырды. Балапандардың саны 120 мыңға артты. Мұның бәрі қосымша жұмыс орындары. Ауданда «Сосновка» және «Победа» серіктестіктері егін егеді. Мәселенің мәнісі сонда, аудан­дағы шаруашылықпен айналысатын серіктестіктер арасын­да іскерлік байланыстар болса шарбақтының балапандарын, тауықтарын асырауға жем-азық жетіп тұр. Ал, «Сос­новка» серіктестігінің басшысы Сер­гей Фоменконың айтуынша, егін егетін жер жоқ. Ауданда игерусіз жатқан алқаптар бар. Бос жерлерді берсе – дән­ді дақылдар егіп, жұмыс көбейер еді. Сонымен қатар, аудандағы «Романенко» шаруа қожалығы күнбағыс өсіріп, май өндіруде. Шарбақты ауданында 200-ге жуық шаруа қожалығы бар. Аграрлық салада 20 серіктестік жұмыс жасайды. Егістік жерлердің жалпы көлемі 81 598 гектар. Ал, Қызылжарда 600 мың бас құс өсіреміз деп әри­не, айтуға оңай. Оған жем-азық қайдан келеді? Мәселенің мәнісі сонда. Ал, құс көбейсе, ет пен жұмыртқа да мол. Алдағы жылдары облыстағы «Авангард» деген ауылда, Екібастұз қаласының Атығай ауылында және Ақсу қаласының өзіндегі құс фабрикаларын қайтадан қатарға қосып, ел игілігіне жарату қолға алынуда. Бұл жобалар толықтай жүзеге асқанда облыс құс өнімдерін экспортқа да шығара алады. Қызылжардағы құс фабрикасын қайта қалпы­на келтіру үшін жобаны «Биз­нес­тің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасына енгіздік, Шарбақтыдағы жағ­дай да сондай көмектің арқа­сын­да ғана жолға түсті. Құс өсірушілер кәсіпорындар жа­ны­нан шетелдердегідей жем-азық кешендерінің де құры­лысын қатар салуды сұрап отыр. Өзге елдердегі құс өсірудегі басты талап осы. Ал, құс фабрикалары жұмыс жасап тұрса ауылдықтар жұмыссыз қалмайды деген сөз.

Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан»
Павлодар облысы. http://www.egemen.kz/%D2%9B%D2%B1%D1%81-%D3%A9%D1%81%D1%96%D1%80%D1%83%D0%B3%D0%B5-%D2%9B%D2%B1%D0%BD%D1%82%D1%82%D1%8B%D0%BB%D1%8B%D2%9B-%D2%9B%D0%B0%D0%B6%D0%B5%D1%82/

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus