Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар С.Ахметов Ауыл шаруашылығы министріне жем-шөп өндірісі бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды

С.Ахметов Ауыл шаруашылығы министріне жем-шөп өндірісі бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды

Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі барысында ҚР Премьер-министрі Серік Ахметов ведомство басшысы Асылжан Мамытбековке бір айдың ішінде Үкіметке жем-шөп өндірісі бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды, деп хабарлайды BNews.kzтілшісі.

«Екі онжылдық ішінде жем-шөп дақылдарына берілген егістік алқабының аумағы шамамен 5 есе қысқарған. Қыста мал жем-шөпке деген қажеттіліктің тек 60%-ымен қамтылады. Асыл тұқымды мал жем-шөп қорымен толығымен қамтамасыз етілмейінше, сүт пен ет өнімдерін бермейді. Бұл ретте, бір жүйенің болуы маңызды», – деді Серік Ахметов.

«Жем-шөп өндірісі бізде дұрыс жолға қойылмаған. Сондықтан, Қазақстанда жем-шөп нарығы мен жем-шөп өндірісі саласын құру қажет», – деп толықтырды Үкімет басшысы.

Серік Ахметов Ауыл шаруашылығы министріне бір айдың ішінде Үкіметке жем-шөп өндірісі бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды.

«Бұл мәселені нақты қарастырып, жүйелі шараларды қабылдау үшін біз Сіздерден бір айдың ішінде ұсыныстар күтеміз», – деп түйіндеді ол.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus