Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Сыбаға.кз» ақпараттық ресурсын таныстырды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Сыбаға.кз» ақпараттық ресурсын таныстырды

2011 жылы республикада «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетінің даму» жобасы ашылған болатын.
Оның басты бағыттарының бірі – тауарлық шаруашылықтардың дамуына бағытталған «Сыбаға» бағдарламасын жүзеге асыру. Осыған орай ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жаңадан ашылған «Сыбаға.кз» ақпараттық ресурсын таныстырды. Аталмыш сайтта онлайн режимде тауарлық малдың қанша басы тұқымдық түрлендіруге қатысатыны жөнінде ақпарат алуға болады. Сонымен қатар, тұқымдық түрлендіруге қатысатын мал үлесі бойынша аудандар мен облыстардың рейтінгісімен және мал өсімі динамикасымен танысуға мүмкіндік жасалған.

Гүлмира ИСАЕВА, ҚР Ауыл шаруашылығы министірінің орынбасары:

– Жаңа ғаламтор көзін қолдану үшін электрондық-сандық қолсыз интернет жүйесіне кіру мүмкіндігі ғана болу керек. Бұл – сайттың қолжетімділік ерекшеліктерінің бірі. Сайттың арнайы бағдарламасы арқылы ірі қара малды уақытылы алмастыруды қадағалай отыра тұқымдық түрлендіру үрдісі де бақыланады.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus