Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Көктем лебі

Көктем лебі

Чистовское – бір кездері ал­тын астықты жайқалтып, төрт түлікті мыңғыртып өсірумен ғана емес, Кеңес одағының Батыры Семен Киреевпен, марқасқа академиктер Еренғайып Шайхутдинов­пен, Зейнолла Молдахметовпен әй­гі­лі ауыл болатын. Өткен ғасыр­дың аяғындағы әлеуметтік-эко­но­микалық қиыншылықтар бұл елді мекенді де айналып өткен жоқ.
Тек іскер азамат, тәжірибелі басшы Анатолий Глушко осы аттас ЖШС құрып, өз қарамағына алғаннан кейін ғана өздерін жұртта қалғандай кейіпте сезінген тұрғындардың болашаққа деген берік сенімі пайда болып, өмірге деген құштарлықтары оянды. Қазір серіктестіктің иелігінде 16500 гектар егістік алқап бар. Ыл­ғал сақтау технологиясын өн­ді­ріске енгізудің арқасында гек­тар шығымдылығы 20 центнер­ден төмендеген емес. Жаңа техника сатып алуға жыл сайын шама­мен 120-150 миллион теңге бөлінеді. Механикаландырылған қырманға астық тазалап, кепті­ретін 3 қондырғы орнатылып, тәуліктік қуаттылығы 250 тоннаға арттырылды. Қырман алаңын асфальттауға 50 миллион теңгенің жұмсалуы агроқұрылымның табыстың тайқазанын тасытып, ырғақты жұмыс істеп келе жатқанын аңғартса керек. Тек былтырдың өзінде күніне 10 тонна жоғары сұрыпты ұн үгетін диірмен мен қыша майын өндіретін цех бой көтерді. Наубайхана іске қосылып, заманауи кулинарлық қондырғылармен жабдықталды.
– Алда көктемгі егіс секіл­ді­ аса жауапты міндет тұр. Оған әзірлігіміз жақсы. Қа­зір жер өңдеуге байланыс­ты агротехникалық шаралар ат­қарылуда. Тұқым, жанар-жағармай жеткілікті. 250 тонна минералды тыңайтқыш қоры бар. 2011 жылы өнімділікті 28 центнерден асырған едік. Биыл сол рекордтық көрсеткішті қайталауға серт етіп отырмыз. Бастапқыда мемлекеттің қаржылық қолдауына сүйендік. Бүгінде несиесіз жұмыс істейміз, – дейді ЖСШ директоры А. Глушко.
Агроқұрылым мал шаруашы­лы­ғын өркендетуге де қызу атсалысып келеді. Қазір мұнда бір мыңдай қой, 500-ге жуық­ қазақтың ақ бас сиыры бағы­ла­ды. 600 басқа арналған мал бордақылау алаңын салуға жұмы­ла кіріскен. Бұл мақсат үшін ша­руашылықтың өз қаржысына 100 бас герефорд тұқымды тайынша сатып алынды. Соған орай, жемазықтық дақылдар алқабы ұлғайтылып, пішендеме, сүрлем әзірлеу жоспарланған. Алғашқы қадам жаман емес. Бордақылау алаңынан 50 бас мал жоғары қоңдылықпен ет комбинатына өткізілді. Осылайша, Елбасының тапсырмасына сәйкес ірі қара етінің экспорттық әлеуетін арттырудың жолдары жіті ойластырылған.
Серіктестік жетекшісінің айтуынша, 300 адам жұмыспен қамтылып, орташа айлық жалақы 50 мың теңгені құрап отыр. Алда мақсаттар көп.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы,
М.Жұмабаев ауданы.

http://www.egemen.kz/%D0%BA%D3%A9%D0%BA%D1%82%D0%B5%D0%BC-%D0%BB%D0%B5%D0%B1%D1%96/

 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus