Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне «ҚазАгро» тауар өткізу жүйесін іске қоспақ

«ҚазАгро» тауар өткізу жүйесін іске қоспақ

Отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында енді қаладағы әмбебап дүкендердің сөресіндегі тағамдардың қаптамасына арнайы таңба жапсырылады.
Ол үшін арнайы «Қазақстанда жасалған» логотипі әзірленді. «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ тауар өткізу жүйесін іске қоспақ. Сынақ негізінде жүзеге асырылатын шара елорданың азық-түлік белдеуін дамытуға бағытталады. Жалпы соммасы 34 млрд. теңгеге 61 жоба қаржыландырылған болатын. Соның бүгінде 56-сы жүзеге асты. Отандық өнім – бұл табиғи таза әрі ескірмеген тауар. Қазір 35% өзімізде өндірілген тауар Астана тұтынушыларын қамтып отыр. Олар ет, сүт, нан өнімдері. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті тағы 10-15%-ға арттыру көзделген. Дегенмен, импортқа сұраныс әлі де басым.

Айгүл АХМЕТЖАНОВА, «Қазагромаркетинг» АҚ басқарма төрайымы:

– Тұтынушыларға түсіндіргіміз келеді. Азық-түлік өнімі жақын арада жеткізілген сайын сапасы сол күйі сақталады. Алыстан келген өнімнің сақтау мерзімінен бұрын, құндылығына мән беруіміз қажет.

Анас БАҚҚОЖАЕВ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ басқарушы директоры:

– Қазіргі жағдайда азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі – ең көкейкесті болып тұр. Сондықтан біздің тұтынушыларға жақсы, сапалы өнімді көрсету, қандай шикізаттан дайындалғанын айту мақсатымыз бар.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus