Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры көктемгі егістік жұмыстарына 600 млн. теңге жұмсамақ

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры көктемгі егістік жұмыстарына 600 млн. теңге жұмсамақ

АСТАНА. 20 ақпан. ҚазАқпарат – Өсімдік шаруашылығы саласында агроөнеркәсіптік кешені субъектілерін көлемді қолдаудың ауқымында «ҚазАгро» Ұлттық холдингінің еншілес компаниясы – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ – 2010 жылдан бастап АӨК субъектілерін көктемгі егістік және егіс жинау жұмыстарын қаржыландыруға бағытталған «Егінжай» бағдарламасын жүзеге асыруда.
Бұл туралы ҚазАгро» Ұлттық холдингінің баспасөз қызметі хабарлады.

Несие бағдарламасының мақсатты аудиториясы – шағын жер телімдері бар шаруашылықтар. Несиелердің шағын көлемі мен ауыл шаруашылығы өндірісінің тәуелділігі жоғары болуына байланысты операциялық шығындар үшін екінші деңгейлі банктер ауылдағы шағын кәсіпкерлерді несиелендіруден көбінесе бас тартатындары белгілі. Мұндай жағдайда «Егінжай» бағдарламасы бойынша несиелендіру – ауылдағылар үшін үлкен көмек болуда.

– Жаңа жылдан бастап несиелеу талаптарына өзгерістер енгізілген, – дейді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Алмас Таубаев, – несиенің сомасы 2-ден 6 млн. теңгеге дейін көтеріліп, сыйақы үстемесі 12-ден 9,5% дейін азайтылды. Кепілдік ретінде екінші деңгейлі банктердің кепілдемелері, қолхат бойынша астық өсімдік өнімдері, техника, басқа да кепілдің түрлері қабылданады. Несие беру кезеңінде комиссия және мерзімінен бұрын несиені өтеу жағдайында айыппұл алынбайды.

Негізгі қарыз алушыларға қойылатын басты талаптар – салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша мерзімі өткен берешегінің, ЕДБ және басқа да қаржы институттары алдында мерзімі өткен берешегінің болмауы, жағымды несие тарихы, 3 жылдан ұзақ емес мерзімдегі егілген дақылдардың көлемі және алынған өнім мөлшері көрсетіліп, егін егетін жерлердің бар екенін растайтын құжаттың болуы.

Өтінімді қарастыру және ол бойынша несие комитеті шешімін шығару рәсімі 5 жұмыс күнінің ішінде жасалады. Оң шешім шығарылған жағдайда қарыз және кепілдік туралы келісімдер, кепілдікті өкілетті органдарда тіркеу, қарыз алушының шотына ақша аудару басталады.

«Егінжай» бағдарламасы бойынша несиелеу талаптарын әзірлеу кезінде ауыл шаруашылығының маусымдылығы ескеріліп, қарызды жабу астықты сатудан кейін қарастырылған. Бұл ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін өте маңызды болып табылады.

– Үш жылдың ішінде Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры өз қаржысынан 1732,6 млн. теңгеге 774 жобаны қаржыландырды, – дейді А.Таубаев. – Несие ресурстарының арқасында 419,6 мың гектар жерге егіс егіліп, 1 227 адам жұмыспен қамтылды. «Егінжай» несиелерін ең белсенді болып Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары игеруде.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы – «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіретін мамандандырылған қаржы-несиелік ұйымы болып табылады. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің банктік қарыз операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар. Қордың негізгі міндеті – қаржылық қызметтер мен ресурстарға ауыл тұрғындарының қолжетімділігін арттыру.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus