Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Астанада «Қазақстанның аграрлық саясатына шолуының» таныстырылымы өтті

Астанада «Қазақстанның аграрлық саясатына шолуының» таныстырылымы өтті

Бүгін Астанада Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) әзірлеген «Қазақстанның аграрлық саясатына шолуының» таныстырылымы өтті, деп хабарлайдыBNews.kz тілшісі.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Қазақстандағы «Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасы» жобасы ҚР Үкіметіне тікелей шетелдік инвестицияны өсіру мен әртараптандыру, сондай-ақ Қазақстан экономикасының түрі салаларының, оның ішінде агроөнерәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша кеңес береді.

ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықты дамыту аясында 2011 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен ЭЫДҰ Қазақстанның аграрлық саясатының шолуын әзірлеуге кіріскен. Бұл шолу ауыл шаруашылығына көрсетілетін мемлекеттік қолдау жөнінде сенімді мәліметтер көзі болып табылады.

Қазақстанның аграрлық саясатына шолу мақсаттарының бірі – халықаралық деңгейде түрлі елдердің аграрлық саясатының мониторингісі мен талдауын жүргізудің негізін құру.

«ЭЫДҰ мүшелері Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшелері де болып табылады. Сондықтан ЭЫДҰ -ның кеңес-ұсыныстары ДСҰ-ның көзқарасымен сәйкес келеді. Бұл «Жасыл және сары себетке» де қатысты. «Жасыл себет» – бұл бағаны бұрмаламайтын мемлекет көмегі. Ал «Сары себет» нарықтық бағаны бұрмалайды. Бұл орайда барлық халықаралық ұйымдар «сары себетті» қысқартып, «жасыл себетті» арттыруды қолдап жақтайды. «Жасыл себетке» ауыл шаруашылығына көрсетілетін инфрақұрылымдық көмекті айтуға болады. Өнімді тасымалдап, сатуды жеңілдетуді қарастырады. Өнімді халықаралық нарыққа шығарғанда қиындық туындамауы тиіс. Осыған қоса ветеринарлық, фитосанитарлық көмек бар», – деді ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Марат Төлебаев.

Бұл ретте экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы Қазақстан Үкіметіне ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне берілетін субсидия көлемін азайтып, бірақ инвестицияны арттыруға кеңес береді.

«Біз субсидияны азайтып, инвестиция көлемін арттыруға кеңес береміз. Мамандарды оқытуға, технологияларды ендіруге инвестиция тарту керек. Мұнымен қатар мемлекеттік жүйе азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс», – деді ЭЫДҰ директоратының сауда және ауыл шаруашылығы саясаты бөлімінің бастығы Франк ван Тонгерен.

«Мемлекет бизнеске қатысын төмендетуге тырысу керек. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мемлекеттік қолдаусыз жұмыс істеуі керек. Бірақ бұл идеал, утопия. Алдағы уақытта бұл мүмкін емес. Мемлекет ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне көмектеседі. Бірақ тікелей қолдаудан, инфрақұрылымдық көмекке басымдық беріледі. Барлық халықаралық ұйымдар осыны алға тартады. Бизнестегі тәуекелді азайту қаражат беруден маңызды болып табылады», -деді Марат Төлебаев.

Алдағы уақытта ЭЫДҰ-ның әдістемесі бойынша, екі жыл сайын ауыл шаруашылығы саясатының мониторингісін жасау қарастырылып отыр.

http://www.bnews.kz/kk/news/post/136412/

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus