Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Арзандатылған астық өңірлерге жеткізіледі

Арзандатылған астық өңірлерге жеткізіледі

01.05.2013

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ өңірлерге арзандатылған астықты тиеуді жалғастыруда. Өткен жылдың тамызынан бастап 2013 жылдың сәуіріне дейінгі кезеңде бір тоннасы 28 000 теңгеден белгіленген бағада 1 млн тоннаға жуық арзандатылған астық өңірлерге тиелді.

Кеше түскен мәліметтер бойынша ел өңірлеріне 973 мың тоннадан астам: оның ішінде астықты қайта өңдейтін ұйымдарға – 777 мың тоннадан астам, құс фабрикаларына – 170 мың тоннаға жуық, шошқа өсіретін шаруашылықтарға – 26, 5 мың тонна арзандатылған астық жөнелтілді.Өткен жылы құрғақшылық салдарының алдын алу мақсатында ел экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2012 жылғы 23 шілдедегі шешімі бойынша, Ауыл шаруашылығы министрлігі, «ҚазАгро» холдингі» АҚ, Қазақстан астық өңдеушілер одағы, Астана, Алматы қалаларының және облыс әкімдіктерінің арасында 1-сұрыпты ұнға,
1-сұрыпты қалыпты нанға бағаны тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы, сонымен қатар мал шаруашылығында мал басының азаюын болдырмау шаралары жөніндегі меморандумға қол қойылған.

Гүлнар Жұмабайқызы

http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=20262&Itemid=2

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus