Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Каспий Құбыр Консорциумы киіктердің популяциясын сақтау үшін 20 млн теңгеден астам қаржы бөлді

Каспий Құбыр Консорциумы киіктердің популяциясын сақтау үшін 20 млн теңгеден астам қаржы бөлді

Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстандағы киіктердің популяциясын сақтау үшін қолданылған заманауи технологияларға арналған баспасөз конференциясы өтті. Баспасөз конференцияға ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев, ҚР Үкіметімен байланыс бойынша «Каспий құбыр жүргізу консорциумы» АҚ бас директорының орынбасары Қайыргелді Қабылдин, Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясының атқарушы директоры Вера Воронова қатысты.

Киіктердің популяциясын сақтау мақсатында «Каспий Құбыр Консорциумы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – КҚК) бөлген 20 млн теңгеге Каспий маңы аймағындағы жануарларға спутниктік таңбалаумен бірге киіктердің мойнына тағылатын бау алынбақ. Жобаны ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен Биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі қазақстандық ассоциация іске асырады.

Киіктердің аурудан жаппай қырылуын айтпағанда, браконьерлер де жануарлар популяциясының санына үлкен залал келтіреді. Себебі, олар көбіне аталық киіктерді атып алады. Бүгінде киіктерді қорғауда дәстүрлі әдістермен қатар заманауи технологиялар да қолданылуда. Мәселен, соңғы 7 жыл ішінде табиғатты қорғау ұйымдары спутниктік бақылау жүйесін кеңінен пайдаланып келеді. Осының арқасында, браконьерлік фактілердің саны екі есе қысқарды. Өткен жылы ҚР АШМ инспекторлары браконьерліктің 50 фактісін тіркеп, киіктердің 1419 мүйізі тәркіленді, ал үстіміздегі жылдың үш айында 6 факт тіркеліп, киіктің 122 ұшасы тәркіленген.

Киіктерді қорғаудың аталмыш әдістің тиімділігін ескеріп, КҚК “Globalstar” және «Iridium» спутниктік жүйесі бар Sirtrack/Lotek үлгісіндегі таратқышпен қамтылған 30 бау сатып алуды жөн көрді. Киіктердің мойнына кигізілген баулар 2-2,5 жылдан кейін өзідігінен тарқатылып, түседі. Одан соң бауларды қайта қолдануға болады. Сонымен қатар, Iridium Collar G5C 175E (Solar Assist – Sirtrack) бауы қуатты сәулелік панельден алады.

Киіктерді ұстап, олардың мойындарына бау тағу жұмыстарын Қазақстанның Каспий теңізі маңындағы киік популяциясын өсіру және сақтау бойынша бірлескен бағдарламаның операторы ретінде Биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі қазақстандық ассоциациясы қоғамдық қорын жүргізеді. Аталмыш жоба екі жыл ішінде киіктердің көшу жолдарын анықтап, бақылауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың дамуын жоспарлау және қорғау тиімділігін күшейтуге мүмкіндік береді. Алынған мәліметтер киіктердің барлық популяциялардағы ауруларын зерттеуге ықпал етпек.

Баспасөз конференция барысында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев КҚК компаниясына көрсетілген қолдау үшін алғыс айтты. «Киіктерді сақтау мәселесі – бүгінде басты міндеттеріміздің бірі және мәселені шешуге мемлекет, қоғам мен бизнес етене қатысу тиіс», – деп мәлімдеді ол.
«КҚК қызметін бастаған сәттен Қазақстан мен Ресейде экологияны дамытуға бағытталған ірі әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып келеді. Өзінің қайырымдылық қызметі аясында консорциум еліміздің аймақтарының дамуына 7,9 млрд теңге құйды. Біз бұдан былай да биоалуантүрлілікті сақтауға бағытталған ынтымақтастықты жалғастырып, мұндай табиғатты қорғау шараларына демеушілік көрсетуге әзірміз», – деп «КҚК» АҚ Бас директорының ҚР Үкіметімен байланыс жөніндегі орынбасары Қайыргелді Қабылдин атап өтті.

Шара кезінде КҚК, ҚР АШМ, Биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі қазақстандық ассоциациясы арасында ақпарат, тәжірибе, білім алмасу және гранттық қолдау ұсыну арқылы Қазақстан Республикасының биоалуантүрлілігін сақтау, қалпына келтіру және зерттеу мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика