Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Преснов топтық су құбырына қатысты

Преснов топтық су құбырына қатысты

Солтүстік Қазақстан облысында Преснов топтық су құбырын қайта жаңартудың І кезегінің аясында 2014 жылғы шілдеде ҚР АШМ Су ресурстары комитеті «СМП-16» компаниясымен шарт жасалды, оның құрылтайшысы португалдық бизнесмен Коэльо да Сильва Рего болып табылады. Ол 186 км ұзақтыққа Солтүстік Қазақстан облысының Есіл және Мамлют аудандарының он екі ауылын ауыз сумен қамту үшін су құбырын салуды жоспарлады. Жобалау ұйымы ретінде «Талдықорғансужоба институты» ЖШС болды. Сметалық құны 7,7 млрд.теңгені құрады. Құрылысы 2014 жылдың тамыз айында басталып, 2019 жылы оны аяқтау жоспарланды.
2015 жылдың қаңтар айында осы мемлекеттік сатып алулар жөніндегі конкурста қатысқан «Инсек» ЖШС хаты бойынша ҚР ҚМ Қаржылық бақылау комитеті жоғарыда аталған Шартты жарамсыз деп тану туралы сот талабын берді, ол қанағаттандырылған. ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің Астана қаласының арнайы ауданаралық экономикалық сотына апелляциялық арызынан кейін сот шешімі өзгеріссіз қалған болатын.
Алайда, 2015 жылдың қыркүйек айында «Қазсушар» РМК арызы бойынша Астана қаласының кассациялық сот алқасы бұрын шығарылған Астана қаласының арнайы ауданаралық экономикалық сотының шешімін және Астана қаласы сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының қаулысын жоққа шығарды. Сонымен, алқа мердігер шарттың жағдайы орындалуда, ал ТАПСЫРЫС БЕРУШІНІҢ ТАРАПЫНАН КІНӘРАТ ЖОҚ,- деп назарға алды.
Яғни, ҚР АШМ Су ресурстары комитеті және оған бағынысты ұйымдар, керісінше, бұрын жасалған шартты жарамды деп тануға шаралар қабылдады.
Осы уақыттан бастап құрылыс жұмыстары жаңадан жалғасуы тиіс болатын, алайда 2015 жылғы тамыз айында экономикадағы дағдарыс құрылыстарына байланысты бастамаларға мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлуге мораторий жарияланған, олар бойынша орындалу 80 пайыздан аса құрады, 2019 жылға дейін.
«СМП-610» ЖШС ол кезде өзінің шартты міндеттемелерін 16,4 пайызға орындады. Преснов топтық су құбырын салу жобасы бойынша 2016 жылға мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлу жоспарланбаған.
Қазіргі кезде ҚР АШМ Су ресурстары комитеті қалыптасқан экономикалық жағдайға қарсы Преснов топтық су құбырларын қайта жаңарту жобасы бойынша құрылыс жұмыстарын жалғастыру мүмкіндігі үшін инвестициялық қаражатты тарту үшін шаралар қабылдайды.
ҚР АШМ Су ресурстары комитеті инвесторлардың құқықтарына қысым көрсетілетіндігі деп айтылғандығы жөнінде «СМП-610» ЖШС бұл жағдайда нақты жұмыстарды орындау бойынша мердігер болып табылады. «СМП-610» ЖШС су құбырын салуға өз қаражатын салмайды, ал тек мемлекеттік тапсырыс бойынша орындайды, яғни «СМП-610» ЖШС бұл жағдайда инвестор болып табылмайды.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus