Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Картоптың алтын түстес жұмырқұрты анықталды

Картоптың алтын түстес жұмырқұрты анықталды

1

Ағымдағы жылдың 8 қараша күні межелі орындарындағы карантиндік фитосанитарлық бақылауды жүргізу барысында Орал қаласында ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облысының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторларымен Ресей Федерациясы Нижегородск облысынан әкелінген салмағы 20 тонна картоп партиясы тексеріп қаралды.

Тексеріп қарау нәтижесінде картоп карантиндік объект – алтын түстес жұмырт құртымен залалданған фактісі анықталды. Карантиндік объектімен залалданғаны (№ 220 от 06.11.2017 ж.). карантиндік фитосанитарлық сараптама қорытындысымен расталды.

Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одағының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасына сәйкес залалданған картоп партиясы Ресей Федерациясы аумағына қайтарылды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
mcx.gov@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus