Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Карантинге жатқызылатын 79 тонна өнім экспорттаушы мемлекеттердің аумағына қайтарылды

Карантинге жатқызылатын 79 тонна өнім экспорттаушы мемлекеттердің аумағына қайтарылды

2017 жылдың тамыз айының 12-18 аралығында құжат тексеру барысында Қазақстан Республикасының аумағына жоғарғы фитосанитариялық қаупі бар карантинге жатқызылатын өнімдерді әкелу кезінде Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одағының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалық бұзушылықтың 4 фактісі анықталды.

2 факті Ресей Федерациясынан әкелінген кесілген ағаш дайындамалары (30 текше метр), сәбіз (20 тонна) және 1 Қытай Халық Республикасынан әкелінген арахис (59 тонна) республика аумағына міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификатсыз әкелінген;

Сондай-ақ, Нидерлан Патшалығынан бақытгүл әкелу кезінде карантиндік объект – батыс гүл трипсі анықталды.

Заңбұзушылыққа жол берген өнім иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жоғарыда көрсетілген карантинге жатқызылатын өнімдердің жалпы салмағы 79 тонна және 30 текше метр экспорттаушы мемлекеттердің аумағына қайтарылды.

Анықталған карантиндік нысан бойынша құжаттар сотқа жіберілді.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus