Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Карантинге жатқызылған 278,12 тонна өнім экспорттаушы мемлекеттердің аумағына қайтарылды

Карантинге жатқызылған 278,12 тонна өнім экспорттаушы мемлекеттердің аумағына қайтарылды

2017 жылғы тамыз айының 26-нан қыркүйек айының 8-і аралығында құжат тексеру барысында Қазақстан Республикасының аумағына жоғарғы фитосанитариялық қауіпі бар карантинге жатқызылатын өнімдерді әкелу кезінде Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одағының өсімдіктер карантині саласындағы заңнама бұзушылықтың 19 фактісі анықталды.

Ресей Федерациясынан өнім 10 жағдайда міндетті ілеспе фитосанитарлық сертификатсыз (қызанақ 10,2 тонна, картоп 21 тонна, қара өрік 0,04 тонна, қарбыз 0,5 тонна, күріш 0,1 тонна, банан 1,5 тонна, кебек 17 тонна, кесілген ағаш дайындамалары 50 текше метр), 5 жағдайда маркировкасызм (қызанақ 6 тонна, картоп 44 тонна), 2 жағдайда жарамсыз сертификатпен (қызанақ 1,5 тонна, кесілген ағаш дайындамалары 95 текше метр) әкелінген.
Сондай-ақ, Қытай Халық Республикасынан салмағы 60 тонна жер жаңғақ және 116,28 тонна күнбағыс тұқымдары фитосанитарлық сертификатсыз әкелінгені анықталды.

Заңбұзушылыққа жол берген өнім иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жоғарыда көрсетілген карантинге жатқызылатын өнімдердің жалпы салмағы 278,12 тонна және 145 текше метр экспорттаушы мемлекеттердің аумағына қайтарылды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
mcx.gov@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus