Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Карантинге жатқызылған 71,5 тонна өнім Қырғызстанға қайтарылды

Карантинге жатқызылған 71,5 тонна өнім Қырғызстанға қайтарылды

Қазақстан-қырғыз мемлекеттік шекара аумағында карантиндік фитосанитарлық бақылау алынған кезден бастап карантинге жатқызылған өнімдерді тасымалдау және іске асыру барысында Қазақстан Республикасының және Еуразиялық экономикалық одақтың өсімдіктер карантині саласында 13 заң бұзушылық фактілері анықталды.

Соның ішінде, карантиндік объектілермен залалданған 39,87 тонна алма өнімін іске асыру бойынша 3 факті (Павлодар облысында – 39,8 тонна және Солтүстік Қазақстан облысында – 0,07 тонна) және карантинге жатқызылған өнімді фитосанитарлық сертификатсыз тасымалдау және іске асыру бойынша 10 заң бұзушылық фактілері тіркелді. Жалпы есепте, 71,5 тонна өнім Қырғызстан Республикасына кері қайтарылды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus