Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Карантинге жатқызылған 61,4 тонна өнім Қырғызстанға қайтарылды

Карантинге жатқызылған 61,4 тонна өнім Қырғызстанға қайтарылды

2017 жылдың 18-24 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің аумақтық инспекциясының өсімдік карантині бойынша мемлекеттік инспекторларымен Қырғыз Республикасынан түскен жоғарғы фитосанитариялық қаупі бар карантинге жатқызылатын өнімдерді тексеріп қарау барысында Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одағының өсімдік карантині саласындағы заңнамалық бұзушылықтың 6 фактісі анықталды.

18 тонна қырыққабат, 3 тонна күріш, 19 тонна алма, 24,4 тонна бұршақпен жаңғақ секілді карантинге жатқызылатын өнімдер республика аумағына міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификатсыз әкелінді.

Өсімдік карантині саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілген өнімдерді әкелуге және сатуға тыйым салынған.

Бұзушылық жасағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Карантинге жатқызылатын өнімдердің жалпы салмағымен 61,4 тонна Қырғыз Республикасының аумағына қайтарылды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus