Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Карантинге жатқызылған 600 тоннадан астам өнім экспорттаушы мемлекеттерге қайтарылды

Карантинге жатқызылған 600 тоннадан астам өнім экспорттаушы мемлекеттерге қайтарылды

1

2017 жылдың қазан айының 6-20 аралығында құжат тексеру барысында Қазақстан Республикасының аумағына жоғарғы фитосанитариялық қаупі бар карантинге жатқызылатын өнімдерді әкелу кезінде Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одағының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалық бұзушылықтың 59 фактісі анықталды.

Ресей Федерациясынан:
– 12 жағдайда өнім (жарма түрлері – 22 тонна, картоп – 83,5 тонна, банан – 20 тонна, кесілген ағаш дайындамалары – 74,5 текше метр) міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификатсыз әкелінген;

Қырғызстан Республикасынан:
– 11 жағдайда өнім (алма және алмұрт 93,3 тонна, жүзім 21 тонна, қызылша 4 тонна) міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификатсыз әкелінген;
– 17 жағдайда келесі өнімдерде (құрма және анар 20,6 тонна, алма және алмұрт 47,7 тонна, кептірілген жемістер 42,4 тонна, жүзім 60,1 тонна, картоп 66,7 тонна) 2 Комсток сымыры, 7 Шығыс жеміс жемірі, 2 картоптың алтын түстес жұмырқұрты, 4 Арам сояулар, 1 Азиялық жеміс шыбыны, 1 картоп күйесі атты карантиндік объектілер анықталды;
– 19 жағдайда өнім (таңқурай және құлпынай 10,5 тонна, алма және алмұрт 37,2 тонна, жүзім 61,2 тонна, қара өрік 12 тонна, анар 2,9 тонна) маркировкасыз әкелінген.

Жоғарыда көрсетілген карантинге жатқызылатын өнімдердің жалпы салмағы 605,12 тонна және 74,5 текше метр экспорттаушы мемлекеттердің аумағына қайтарылды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
mcx.gov@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus