Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Карантинге жатқызылған 32,5 тонна өнім Ресейге қайтарылды

Карантинге жатқызылған 32,5 тонна өнім Ресейге қайтарылды

2017 жылдың мамыр айының 5-13 аралығында Ресей Федерациясы аумағынан әкелінген жоғарғы фитосанитариялық қаупі бар карантинге жатқызылатын өнімдерді тексеріп қарау барысында Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одағының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың бұзылуы бойынша 6 фактісі анықталды.

Келесі карантинге жатқызылған өнімдер: 30,35 тонна бидай, 0,135 тонна сарымсақ, 1,7 тонна қияр, 0,311 тонна банан республика аумағына міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификатсыз әкелінді.

Сонымен бірге, 30 текше метр қылқан тұқымдас ағаш дайындамаларында карантиндік объект – Қарағайлық қара сүген және 12 тонна тұқымдық картопта – Картоптың алтын түстес жұмырқұрты табылды. Аталған фактілер бойынша экспорттаушы мемлекет аумағына кері қайтару үшін тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр.

Заңбұзушылыққа жол берген өнім иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Карантинге жатқызылатын өнімдердің жалпы салмағы 32,5 тонна Ресей Федерациясының аумағына қайтарылды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus