Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Карантинге жатқызылған 230 тоннадан астам өнім экспорттаушы мемлекеттерге қайтарылды

Карантинге жатқызылған 230 тоннадан астам өнім экспорттаушы мемлекеттерге қайтарылды

1

2017 жылдың қазан айының 21-28 аралығында құжат тексеру барысында Қазақстан Республикасының аумағына жоғарғы фитосанитариялық қаупі бар карантинге жатқызылатын өнімдерді әкелу кезінде Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одағының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалық бұзушылығыныңың 29 фактісі анықталды.

Ресей Федерациясынан:
– 8 жағдайда өнім (картоп 14 тонна, бидай 121,03 тонна, кесілген ағаш дайындамалары 20 текше метр) міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификатсыз әкелінген;

Қырғызстан Республикасынан:
– 3 жағдайда өнім (жүзім, құрма 20,01 тонна, кептірілген жемістер 22 тонна) міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификатсыз әкелінген;
– 3 жағдайда келесі өнімдерде (құрма және жүзім 20,01 тонна, кептірілген жемістер 22 тонна) 1 Шығыс жеміс жемірі, 2 Комсток сымыры атты карантиндік объектілер анықталды;
– 10 жағдайда өнім (кептірілген жемістер 22 тонна, жаңғақ 5,6 тонна, алма және алмұрт 24,4 тонна, сарымсақ 0,3 тонна, күріш 1 тонна, асқабақ 0,05 тонна, өрік 0,02 тонна) маркировкасыз әкелінген;

Сонымен бірге, Өзбекстан Республикасынан 6 жағдайда келесі өнімдерде (құрма 70 тонна, анар 0,9 тонна) Шығыс жеміс жемірі және Комсток сымыры атты карантиндік объектілер анықталды.

Жоғарыда көрсетілген карантинге жатқызылатын өнімдердің жалпы салмағы 236,61 тонна және 20 текше метр экспорттаушы мемлекеттердің аумағына қайтарылып, 70 тонна залалданған өнім жойылды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
mcx.gov@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus