Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Карантинге жатқызылған 1 тонна өнім экспорттаушы мемлекеттердің аумағына қайтарылды

Карантинге жатқызылған 1 тонна өнім экспорттаушы мемлекеттердің аумағына қайтарылды

1

2017 жылдың қыркүйек айының 29-нан қазан айының 6-сы аралығында құжат тексеру барысында Қазақстан Республикасының аумағына жоғарғы фитосанитариялық қаупі бар карантинге жатқызылатын өнімдерді әкелу кезінде Қазақстан Республикасы және Еуразиялық экономикалық одағының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалық бұзушылықтың 2 фактісі анықталды.

Ресей Федерациясынан әкелінген салмағы 1 тонна картоп республика аумағына міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификатсыз әкелінген;
Сондай-ақ, Қырғызстан Республикасынан салмағы 0,8 тонна анарды әкелу кезінде карантиндік объект – Комсток сымыры анықталды. Аталған факт бойынша материалдар сотқа берілді.

Заңбұзушылыққа жол берген өнім иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жоғарыда көрсетілген карантинге жатқызылатын өнім салмағы 1 тонна экспорттаушы мемлекеттің аумағына қайтарылды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
mcx.gov@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика