Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Карантиндік өнімдер тәркіленді

Карантиндік өнімдер тәркіленді


2017 жылдың 21 қарашасында Жамбыл облысының Қордай ауданында ҚР АШМ мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы мемлекеттік өсімдіктер карантині инспекторлары карантиндік фитосанитарлық бақылаулар жүргізілу барысында Қырғызстан Республикасынан келген 4,2 тонна жүзім және құрма өнімінен тағы да Азиялық жеміс шыбыны зиянкесін анықтады.
Еуразиялық экономикалық одақтың өсімдіктер карантині саласындағы заңнамасының бұзылуына байланысты аталған карантиндік өнімдер Қырғыз Республикасының аумағына кері қайтарылды.
Анықтама: Азиялық жеміс шыбыны – дақылдардың 60-тан астам түрлерін зақымдап, жемісін шірітіп, қолдануға жарамсыз етеді.
ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved