Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар А.Мамытбеков: Шаруалар мемлекет қолдауынан шет қалмайды

А.Мамытбеков: Шаруалар мемлекет қолдауынан шет қалмайды

7df238826cdc8ad1b483d44a8e14e256_XL
Субсидия шектелгенімен мемлекет шаруаларды қолдауын тоқтатпайды. Қостанай облысында болған Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков осылай деп мәлімдеді.

Соңғы жылдары астықты аймақта аграрлық сала бойынша 167 инвестициялық жоба жүзеге асқан. Соның негізінде 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған. Ауылшаруашылық өнімдері көрмесін тамашалаған Министр өңірдегі кәсіпорындардың алдағы жоспарларын тыңдап, жаңа жобаларымен танысты. Кейін «Агробизнес – 2020» бағдарламасы аясында аграрлық саланы мемлекеттік қолдау мәселелері талқыланды. Биыл мемлекет егістік алқаптарды гектар бойынша субсидиялауды тоқтатқаны белгілі. Бірақ ол қаржы шаруалардың өзге қажеттіліктеріне жаратылмақ.

Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
– Ауылшаруашылық техникасын сатып алатын болса, оның 25 пайызын субсидиялаймыз деп жоспарлап отырмыз. Биыл дәстүрдегідей жеңілдетілген бағамен жанар-жағармай берілді және де жеңілдетілген пайызбен 60 миллиард несие берілді. Сондай-ақ басқа да субсидиялардың түрлері, мысалы, гербицидке, тыңайтқышқа берілетіндерінің көлемі де ұлғайып жатыр.

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/ekonomika/item/116597-n-shet-almajdy

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus