Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Күзгі-қысқы аңшылық маусымының ашылуы туралы

Күзгі-қысқы аңшылық маусымының ашылуы туралы

2017 жылғы 4 қыркүйекте ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз орталығында ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Үстеміровтың қатысуымен күзгі-қысқы аңшылық маусымының ашылуы бойынша брифинг өтті.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен бекітілген бұйрық бойынша ел аймағында аң аулау аңшылық ережесіне сәйкес өткізіледі.

«Негізгі күзгі-қысқы аңшылық маусымы елімізде 2017 жылдың бірінші сенбісінде ашылып, аң-құстың түріне байланысты 2018 жылғы 15 ақпанға дейін созылады. Аң аулаудың объектілеріне 34 сүтқоректілердің және 59 құстардың түрі жатады», – деп атап өтті Қ. Үстеміров.

Қыркүйек айынан бастап маралға, аюға, сібір тау ешкісіне, елікке, қабанға, шілге, қарабауырға және жабайы құстарға (үйрек, қаз) аңшылық жасау рұқсат етіледі.

«Аңшылық шаруашылық субъектілері жануарлар дүниесінің объектілерін алуға жануарлар дүниесін қолдану туралы рұқсатын алған сәтінен бастап квота бойынша құқылы, ал жеке және заңды тұлғалар аңшылық шаруашылықтарынан жолдама алғаннан кейін немесе олармен аң аулауға отырған келісімшарт негізінде», – деді Қ. Үстеміров.

Сонымен қатар, биылдан бастап табиғатты қорғау заңнамасын бұзған үшін айыппұлдардың көлемі өсті. Мысалы, қабанды немесе елікті заңсыз алған үшін 250 АЕК, киікке 350 АЕК болса, үйрекке 5 АЕК.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 265 бұйрығы бойынша кәсіпшілік аң аулаудан басқа, бір аңшыға шаққанда жабайы құс пен терісі бағалы аңның бір түрін алып қоюдың тәуліктік нормасын бес дараққа дейін шектеу туралы нормасы бекітілді.

Брифинг барысында Қ. Үстеміров тыйым салынған көктемгі аң аулаудың қорытындысын баяндап өтті. ҚР ӘҚБтК-ның «Жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу» туралы 382-бабы бойынша 2017 жылы әкімшілік жауапкершілікке 165 тұлға тартылса, 2016 жылы осы бап бойынша 243 тұлға жауапқа тартылған болатын.

Бұдан басқа, Комитет тарапынан қасқыр мен суқұзғынның санын реттеу мәселесі қарастырылуда.

Қ. Үстеміровтың айтуынша, 2012 жылы бүкіләлемдік жабайы табиғат қорының бастамасымен (WWF-Ресей) Қазақстанның ғылыми мамандарын тарту арқылы Қазақстанда жолбарысты қайта жерсіндіру бағдарламасын даярлау бойынша нақты жұмыс басталды.

Осыған байланысты, 2017 жылғы тамызда Мемлекеттік бюджеттік комиссия 2018 жылғы 1 қаңтардан «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватын құру туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұсынысын қолдады.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus