Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 126,2 мың тонна дизель отыны жөнелтілді

Күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 126,2 мың тонна дизель отыны жөнелтілді

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Қ.Қ.Айтуғанов ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің жанар-жағармай материалдарымен және техникамен қамтамасыз етілуі барысын әңгімеледі.

«Ағымдағы жылғы күзгі дала жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынына деген қажеттілік 391,6 мың тоннаны құрайды. Энергетика министрлігімен және Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп бекітілген Мұнай өңдеу зауыттары үшін облыстарды бекітіп беру кестесі бойынша облыстардың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне 391,6 мың тонна дизель отынын жеткізу жоспарланған», – деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, 10 тамыздағы жағдай бойынша өнім берушілер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін күзгі дала жұмыстарын жүргізуге 126,2 мың тонна, яғни, жоспарлаған көлемнің 32% дизель отынын тиеп жөнелтті.

Айта кетейік, аталған жиын «Егін жинау жұмыстарына дайындық барысы туралы» тақырыбымен өтті.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus