Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Көктемгі егіс науқанына 360 мың тонна жанар-жағармай бөлінбек

Көктемгі егіс науқанына 360 мың тонна жанар-жағармай бөлінбек


Брифинг кезінде ҚР Ауылшаруашылығы министрi Асылжан Мамытбеков көктемгі егіс науқанына 360 мың тонна жанар-жағармай бөлінетіндігін мәлімдеді. Биыл дизель отынына 19 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалмақ. Министрдің сөзіне сенсек, көктемде атқарылатын жұмыстарға қажетті жағармай нарықтағы бағадан 13 пайызға арзандатылып беріледі. Әйтсе де, мамандарды алаңдатып отырған мәселе бар. Егін науқаны жақындаған тұста 8 мың тоннаға жуық дән, әсіресе, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында тапшы болып отыр. Қазір облыстардың алдын ала берген деректері бойынша, биыл ауыл шаруашылығының дәнді-дақылдары 21,5 млн гектар жерге себілмек. Айта кетейік, осы жылы мемлекет тарапынан несие түрінде «ҚазАгро» холдингіне 60 млрд теңге қаржы бөлініп отыр. Асылжан МАМЫТБЕКОВ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі: – Бұл кредиттің негізгі мақсаттары – АШТӨ тікелей несиелендіру. Олардың несие ұйымдарын және микро қаржы ұйымдарын несиелендіру секілді мақсаттар жоспарланып отыр.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus