Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Тың және тыңайған жерлерді игерудің 60 жылдығына орай «Подвиг с именем Целина» құжаттар жинағының тұсаукесері өтті

Тың және тыңайған жерлерді игерудің 60 жылдығына орай «Подвиг с именем Целина» құжаттар жинағының тұсаукесері өтті

Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатында тың және тыңайған жерлерді игерудің 60 жылдығына орай ағымдағы жылдың 10 сәуірінде «Подвиг с именем Целина» құжаттар жинағының тұсаукесері өтті.

Бұл шараға ҚР Парламентінің депутаттары, Ресей Федерациясы мен Беларус Республикасының ауыл шаруашылығы Министрлігінің және елшіліктерінің өкілдері, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі, алғашқы тың игеруші Социалистік еңбек Ері Л. Картаузов, С. Есенжолова, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты С.Балян қатысты.

Бұл жинақ Ақмола облысы тың эпопеясының тарихын тұңғыш рет мұрағат құжаттары негізінде қайта жаңғыртады.

Естен кетпес сол жылдар мен алғашқы тың игерушілердің патриоттық көңіл-күйін еске түсіретін бұл жинақты шығарудағы негізгі мақсат ғалымдар, тарихшылар мен жұртшылықтың назарын Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорына аудару болып табылды.

2013 жылы Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатының бастамасымен Украина қоғамдық бірлестігі Мемлекеттік мұрағатынан алғаш рет құжаттар алынды. Алынған құжаттар бұл республикадан жіберілген тың және тыңайған жерлерді игерушілер жөнінде жаңа фактілер мен мәліметтерді ашады және фото құжаттар көрмесіндегі өзге құжаттардың құрамында көрмеге қойылады.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus