Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар 2018 жылға қарай елімізде 22,5 млн га алқапқа егін егіледі

2018 жылға қарай елімізде 22,5 млн га алқапқа егін егіледі

Өткен жылы елімізде ауыл шаруашылығы дақылдары 21,4 млн га жерге себілді, ал 2018 жылға қарай бұл көрсеткішті 22,5 млн гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Қошқарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«2018 жылға қарай Қазақстанда 22,5 млн га аумаққа дән себіледі. Өткен жылы ауыл шаруашылығы дақылдары алқабы 21,4 млн га құрады, оның 13,8 млн гектарын гербицидтермен өңдедік, бұл егістіктің 64,5%-ын қамтыды. Зиянкестерге қарсы 7,5 гектар өңдеуден өтті. Бізде 60 млн гектар жайылым бар. 4 млн-ға жуық ірі қара, 15 млн ұсақ мал және 2 млн бас жылқы мен түйе өріске шығады», – деп хабарлады вице-министр.

Оның айтуынша, біздің елдің әлеуеті жайылымдық жерлерді 70 млн гектарға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
http://bnews.kz/

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus