Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Жек дуадақтар табиғатқа жіберілді

Жек дуадақтар табиғатқа жіберілді

Оңтүстік Қазақстан, Арыс аумақтарына және Қаратау мемлекеттік қорығы аймақтарына 703 бас жек дуадақ жіберілді. Құстарды жіберу Оңтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, ҚР БҒМ ҒК «Зоология Институты» РМК, “Охотзоопром”ӨБ» РМҚК-ның қатысуымен, араб өкілдерінің тарапынан жүзеге асырылды.

Құстарды жіберу Ынтымақтастық туралы келісім-шартты орындау шеңберінде жүзеге асырылды. Сонымен қатар, Жек дуадақтарды қорғау халықаралық қоры (Абу-Даби, БАӘ) 2016 жылы 16 шілдеде ОҚО Шымкент қаласына 544 дарақ жек дуадақты одан кейін табиғи ортаға жіберу үшін жеткізді.

Бастапқыда 637 жек дуадақтарды әкелуге өтініш жасалып, құстарды әкелу СИТЕС әкімшілік және ғылыми органының рұқсаты мен келісімі бойынша жүзеге асырылды.

Барлығы табиғи ортаға 703 дарақ жек дуадақ шығарылды, оның ішінде 544 құс БАӘ әкелінген және 159 құс Жек дуадақты табиғи ортаға шығару және өсімін молайту орталығынан жіберілді.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика