Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар «Бекіре-2016» акциясы аясында 13 тонна балық тәркіленд

«Бекіре-2016» акциясы аясында 13 тонна балық тәркіленд

Баспасөз хабарламасы
15.04.16 ж                                                                                                              Астана қ

«Бекіре-2016» акциясы аясында 13 тонна балық тәркіленді

«Бекіре-2016» балық қорғау акциясы шеңберінде 13 тонна 870 келі балық тәркіленсе, оның 834 келісі бекіре тұқымдас балықтар. Сондай-ақ, 21 бірлік жүзу және көлік құралдары мен 439 бірлік аулау құралдары тәркіленді.

249 табиғат қорғау заңнамасын бұзушылық анықталып, әкімшілік жауапкершілікке 166 адам тартылды. Мұнымен қоса, 37 қылмыстық іс қозғалды.

Табиғат заңнамасын бұзушыларға 1 590 762 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, оның мемлекеттік бюждетке қазіргі таңда 551 460 теңгесі өндіріліп алынды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
minagripress@gmail.com
Контакты: +7(7172)555765

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus