Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Қостанай облысында мыңнан астам киік қырылды

Қостанай облысында мыңнан астам киік қырылды


Бұл туралы бүгін еліміздің Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Ерлан Нысанбаев мәлімдеді. Осы факт бойынша аумақтық және республикалық штабтар құрылды. Мамандар су, топырақ және биологиялық материалдардың сынамаларын алып, себебін анықтауда. Алдын ала нәтижелер бір аптадан кейін жарияланады. Соңғы рет мұндай оқиға 3 жыл бұрын Жангелді ауданында болған. Ол кезде 926 киік пастереллез ауруынан мерт болған. Мамандар осы екі жағдайдың ұқсастығы бар екендігін атап отыр. 2014 жылы Қазақстанда 256 мың 700 киік тіркелген. Жалпы, соңғы 10 жылда жануарлардың саны 12 есеге артты. Ерлан Нысанбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары: – Қыстың созылып кетуіне және ағзалары әлсіреп кетуіне байланысты аң пастеррелезге шалдықты. Оның алдын ала себебін анықтадық.

Источник: http://24.kz/kz/zhanalyktar2/o-am/item/64245-yryldy

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus